Оралда сыртқа шығарып тастаған науқасқа байланысты бейнеге түсініктеме берді

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Оралдағы жанжалды бейнеге түсініктеме берді, дейді Tengrinews.kz.

«Әлеуметтік желілердегі ролик жариялағаннан кейін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен аурухана директоры оқиға орнына келді. Жағдайды анықтау үшін оқиғаға барлық қатысушылар, атап айтқанда, өкім берген мейіргер және екі күзетші шақырылды.

Бұл туралы түсініктемені мейіргердің айтуы бойынша, сол күні бөлімшеге келіп түскендер саны көп болған, сондықтан санитар мен медперсонал үлгермей, күзетшілерден науқасты қабылдау бөлмесінен хирургияның терапия бөліміне апаруды сұраған. Айта кету керек, бұл екі күзетшінің де бірінші жұмыс күні. Ал мейіргердің жұмысқа тұрғанына тек екі ай ғана болған.

Сондай-ақ, науқас түнгі сағат 00.30-да жақ жарақатымен түскенін хабарлаймыз. Бірден жақ-бет хирургімен тексеру жүргізілді және жарақаты ем-дом жүргізілді. Таңертеңге дейін насқасты қабылдау бөлімінде ұстау туралы шешім қабылданды, өйткені ол жақында қатты ішкен. Ауруханаға жатқызудың себептері болған жоқ, ал науқастың бара жері жоқ болғандықтан, таңертең кезекші дәрігер науқасты терапев бөліміне ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Мейіргер қайда апару керектігін түсіндіргенмен, күзетшілер түсінбей корпусты шатастырып, көше арқылы апаруды шешкен. Содан бейнеде көргеніңіз пайда болды. Оларды түсіре бастағаннан кейін күзетшілер не істерлерін білмей, қабылдау бөліміне қайта оралуды шешті.

Қазіргі уақытта науқас әлі ауруханада, оған қажетті көмек көрсетіледі. Әлеуметтік желілерде бұл ролик қарқын алып келеді, бейне бойынша қорытынды жасайтындардың барлығына жағымсыз пікірлер көп жинады, оның басы да, соңы да жоқ, болып жатқан жағдайды түсінбестен, науқастың қабылдау бөліміне 00.30-да келіп түскенін еске салғым келеді және пікірлерінде жазғандай, дәрігерлер мұндай «адами қасиетсіз» болса, онда бастапқыда көмек көрсетпей, науқасты түнде адамдар жоқта сыртқа шығарып тастамай ма?

Бірақ дәрігерлер, әсіресе қабылдау бөлімінің дәрігерлері — бұл ең ізгілікті адамдар, олар науқастың әлеуметтік мәртебесіне қарамайды, олар күн сайын көптеген адамдарды құтқара отырып, өз жұмысын жасайды. Біз барлық ниет білдірген журналистерді қабылдау бөлімінде бір күн жұмыс істеуге және онда жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсібилігі мен адамгершілігіне көз жеткізуге шақырамыз», — деп түсіндірді ведомстводан.

Сөз болып отырған оқиға 13 қазанда күндіз Оралда болды. Куәгер камераға, облыстық аурухананың күзетшілері науқасты каталкамен сыртқа алып шығып, сырт киімсіз қалдырғанын түсірді. Науқас 53 жасар Арман Досжанов екен. Күзетшілердің іс-әрекеттері түсірілгеннен кейін, олар ер адамды кері кіргізді.

tengrinews.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-08
Утром14.89 ℃
Днем25.97 ℃
Вечером26.73 ℃
Ночью20.27 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.71 м/с
2024-09-09
Утром17.16 ℃
Днем26.6 ℃
Вечером26.68 ℃
Ночью20.92 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.68 м/с