Орал тұрғындары саябақты кесуге қарсы азаматтық қозғалыс құрды
Қалалық демалыс саябағына іргелес көшелердің тұрғындары Шаған арқылы өтетін көпір мен жаңа жолдың құрылысын тоқтату және Орталық саябақтың бір бөлігін жоюға қарсы бастамашыл топ құрды.
Қала тұрғындары 15 қазан күні Әлия Молдағұлова көшесінің қалалық демалыс саябағына жақын орналасқан бөлігінде өзінің алғашқы жиналысын өткізді.
– Біз саябаққа жанасатын осы үйлердің барлық тұрғындары. Бүгін бізді қалалық әкімдікке шақырды. Бізбен қала әкімінің орынбасары Бекжан Түкжанов кездесті. Ол біздің барлығымыздың жол құрылысына қарсы, әлде қолдайтынымызды білгісі келді. Біз оған бәріміз қарсымыз дедік. Әкімдік құрылысқа тек біз ғана қарсы екен деп ойлап қалмауы үшін, біз Орал тұрғындарының бәрін бізге қосылуға шақырамыз. Біз әкімнің орынбасарына құрылыстың балама жолдарын іздеңіздер деп айттық. Саябақты шабуға біз жол бермейміз, – деді бастамашыл топтың мүшесі Елена КОРНЕВА.
Оның айтуынша, жақын арада әлеуметтік желілерде ел Президентіне өтініш жасау жобасы қойылатын топ құрылады. Кейін бастамашы топ парктің аумағы арқылы өтетін жол мен көпір құрылысының жобасынан бас тарту талабымен қол жинауды бастауды көздеп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 8 қазан күні қалалық әкімдікте Шаған арқылы өтетін көпір мен жаңа жол құрылысының жұмыс жобасының қоғамдық тыңдауы өтті. Бұл жол мен көпір қала орталығын Зашаған және Деркөл кенттерінің арасында салу жоспарланып отырған «Ақжайық» ықшамауданымен байланыстыру қажет. Әкімдіктің мәліметінше, бұл шағын ауданда 50 мың адам тұратын болады. Жоба бойынша Шаған өзенінің жайылма бөлігінде және қалалық демалыс саябағының солтүстік бөлігінде 1,5 мың ағаш кесу жоспарлануда.
Қоғамдық тыңдаулар кезінде жиналған қалалықтар ағаштар мен саябақтарды кесуге қарсы шықты. Олар қалалық билік жобаны қайта қарап, балама шешім табуға шақырды.
Лұқпан Ахмедьяров
Бейне: Нұрлыбек Емранов.
Осы тақырып бойынша оқыңыздар:
Орал тұрғындары Шаған арқылы өтетін жол мен көпір құрылысына қарсы шықты (БЕЙНЕ)
Жаңа мөлтек ауданның жол құрылысы кезінде орманның бір бөлігі кесілуі мүмкін (БЕЙНЕ)
Шаған көпірі мен жолының құрылысы кезінде бір жарым мың терек кесіледі
Орал тұрғыны Шаған арқылы өтетін көпір мен жолдың баламалы жобасын ұсынды