Оралда әкімдік өкілдерімен кездесуде тұрғындар – «Ал сіз бізден сұрадыңыз ба?»- (БЕЙНЕ)
Қала тұрғындарының қала әкімінің орынбасарымен және бас сәулетшімен екінші кездесуі сенбі күні №35 лицейде өтті. Мұнда да сол мәселе қалалық саябақ пен Шаған арқылы өтетін көпірдің құрылысы талқыланды.
Сексенге жуық адам өз наразылығын білдіру үшін кездесуге келді.
Кездесуге Мәншүк Мәметова көшесінде тұратын тұрғындар шақырылды (осы көшеде жаңа «Ақжайық» шағын ауданына жол салу жоспарланып отыр. автордың. ескерт.). Бірақ белгіленген екі сағатта лицейге қаланың әртүрлі бөліктерінде тұратын адамдар көп жиналды. Кездесуге барлығы сексен адам қатысты.
Тұрғындар нысандарды салу бойынша өз ұстанымдарына немқұрайлы қарамайды. Қоғамдық тыңдаудың бірінші кездесуіндей, екінші рет билік өкілдерімен кездесуде-олар Шаған арқылы өтетін көпір мен саябақ арқылы өтетін жолдар құрылысына қарсы.
– Шағын ауданда адам қанша тұрады? 50 мың, ал саябақтың айналасында тұратын адамдар одан бірнеше есе көп, сондықтан неге біз соңғы саябақтан айырылуымыз керек?,- деп, қала тұрғыны Александр Полищук сұрақ қойды.
Александр Котельников те құрылыс туралы сұрады.
— Неге Желаев жағына салмайсыз? Онда барлық коммуникациялар бар, Даряннан су жақын. Ол жерде дала, орын көп, сол жерге салыңыз, – деді Александр.
Оны залдағы қатысушылар қол шапалақпен қолдады.
Қала тұрғыны Елена Корнева құрылыс салдарынан адамдардың тыныс алуына кедергі келетіндігі туралы айтты, сондай – ақ әйел қаланың бас сәулетшісіне жол маңынан үй сатып алуды ұсынды және тұрғындар айтқандарына қайтпайтынын атап өтті.
– Жол жанынан үй сатып алыңыз, қаланың бас сәулетшісі. Біз қарсы шығып қана қоймай, осы саябақ үшін қатты айқайға басамыз, – деді Елена Корнева.
Қаланың бас сәулетшісі Тимур Шәкіржановтың айтуынша, «Ақжайық» жаңа шағын ауданының орнында барлық коммуникациялар жүргізіліп, жолдар жобаланған.
Бас сәулетші тұрғындарға жаңа жобамен танысуды ұсынды, бірақ бәрі қарсы болып, олардың қажеті жоқ деп айқайға басты, және «бос әңгіме ұйымдастырмай, құрылыс мәселесін талқылау керек», – деп тұрғындар наразылықтарын білдірді.
– Мен саябақты сақтау үшін, өйткені оған 150 жылдан астам уақыт болды. Онда мен бес немереммен бірге серуендеп, демаламын,- деді Орал тұрғыны Хадиша Мұқанова.
Көпірдің құрылысы КПО б. в. компаниясының қаражаты есебінен жүргізілетіндігі анықталды. Адамдар компания басшылығына осы жобаға ақша бөлмеу туралы хат жазатындарын мәлімдеді. Олар тіпті дауыс беріп, жиналғандардың 100% – ы «жақтап» дауыс берді.
– Саябақ біздің облыстың алтын дінгегі, оны қозғауға болмайды, оны қорғау керек. Оның өсуі үшін жұмыстану керек, – деп мәлімдеді, қала тұрғыны Влад.
Көптеген сұрақтар, наразылықтар болды, тұрғындар мысалдар келтірді, жоба туралы ойлануды сұрады, өзгерістер ұсынды және жалпы жобаның күшіне енбеуін сұрады.
Кездесу екі сағатқа созылды. Одан кейін қала әкімінің орынбасары Бекжан Түкжанов барлық қатысушыларға қатысқандары үшін алғысын білдіріп, келесі сенбіде тағы да кездесуді ұсынды.
– Мен келесі жолы Зашаған тұрғындарын, ТЖЖ-ны да олардың пікірін тыңдау үшін кездесуге шақыруды ұсынамын, – деді Бекжан Түкжанов.
Осыдан кейін микрофонды Зашаған тұрғыны жас әйел сұрады. Оның қатты уайымдағаннан даусы дірілдеп, бірақ ол өз сөзін жеткізді.
— Мен және менің отбасым Зашағанда тұрамыз, біз балаларымызбен саябаққа барамыз, бізге көпір, жол қажет емес. Бізге таза ауа, ағаштар қажет. Сізден, оны өзіңіз және балаларымыз үшін сақтауыңызды сұраймын, тимеңізші- деп әйел есікке беттеді.
Қатысушылар бірнеше минуттай оның артынан қол шапалақтады.
Мария Драчева