Оралда екі мың қосалқы шот анықталып, жабылды
Бұл туралы «Орал Таза Сервис» ЖШС монополияға қарсы комитеттің жазбаша сұрау салуынан кейін хабарлады.

— «1С»-дан мәліметтер, «Биллинг» базасына ауыстыру барысында келесі техникалық іркілістер орын алды: деректердің ішінара жоғалуы, қайталанған жеке шоттар, тұратындар санының өзгеруі, – деп хабарлады «Орал Таза Сервис» ЖШС»
Сондай-ақ, «Орал Таза Сервис» ЖШС-де техникалық іркілістерді жою мақсатында 2000-ға жуық қайталанған жеке шоттар анықталып, жабылды, тұратын тұтынушылардың саны түзетілді және 10 000 абонентке қайта есептеу жүргізілді, шарттық бөлім мен пайдалану бөлімінің істері жүйеленді, кассалардың, бухгалтерия мен абоненттік бөлімнің өзара іс-қимылы жақсартылды.
Бүгінгі күні «Орал Таза Сервис» ЖШС техникалық ақауларды жоюды жалғастыруда. Егер тұтынушыда шоттармен проблемалар туындаса, оларға 21 57 27 телефоны бойынша қоңырау шалу керек.
Мария Драчева