Оралда шолу дөңгелегі жаңартылады (БЕЙНЕ)
Доңғалақ 33 жылдан аса жұмыс жасап келеді. Соңғы жылдары аттракционда оның техникалық ақаулықтарына байланысты көптеген қауіпті жағдайлар пайда болды. Осы жылдың маусым айында соңғы ТЖ-дан кейін шолу дөңгелегінің жұмысын тоқтатты.
Соңғы төтенше жағдай кезінде шолу дөңгелегінде 18 адам тұрып қалды. 5 қабатты үйдің биіктігіндей жоғарыда қалған адамдарды түсіру үшін құтқарушыларға шақыруға тура келді. Осыдан кейін шолу доңғалағы тоқтады және ол жұмыс істемеді.
Осы жағдайдан кейін парк әкімшілігі: «Биіктігі 36 метр жаңа, заманауи, жайлы аттракционды салуға жер учаскесін беру нұсқасы қарастырылуда. Ескі шолу дөңгелегі ескірді, ол 1986 жылы іске қосылды» деді.
– «Шолу дөңгелегі» аттракционын бөлшектеу себебі – физикалық тозу. Жұмыстар 15 қазаннан бастап жүргізілуде және шартқа қол қойылған сәттен бастап бір ай ішінде аяқталуы тиіс. Инвест бойынша.жобаға жаңа аттракционды орнату жоспарланған,-деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын 19 қазанда облыс әкімдігінде БҚО-ға инвестиция тарту жөніндегі үшінші кеңестің отырысы өтті. Бес инвестор сол кезде өз жобаларын ұсынды, олардың арасында қалалық мәдениет және демалыс саябағын жаңғырту жобасы болды.
Орал қаласының кәсіпкері Бауыржан МАХАМБЕТ қазіргі заманғы аттракциондар паркін және биіктігі 45 метр шолу дөңгелегін салуды ұсынды. Оны ресейлік серіктестермен бірлесіп салғысы келді. Доңғалақ 18 кең панорамалық кабинадан тұрады. Барлық кабиналарда салқындатқыш және жылыту бар. Бір вип-кабина, арнай безендірілумен жас жұбайларға арналған. Өндіруші ел-Ресей. Дайындау мерзімі 8-9 ай. Монтаждау және орнату 45 күн. Дөңгелектің қызмет ету мерзімі 35 жыл. Ол жыл сайын дайындаушы зауыттан техникалық байқаудан өтеді.
Кеңес нәтижесінде кәсіпкер ұсынған жоба инвестицияларды тарту жөніндегі кеңеспен мақұлданды және жақын арада оны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Жоба сомасы 570 млн теңгені құрады, сондай-ақ 35 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Мария Драчева
Сондай-ақ оқыңыз: