БҚО-да жоғалған балаларды іздестіру аяқталды. Екінші жоғалған баланың мәйітін құтқарушылар өзеннен тапты.
Үлкенін тапқаннан кейін бес сағаттан соң, 24 қазанда жоғалып кеткен балалардың кішісі табылды.
— Сағат 15-50-де «Қарасу» өзенінен құтқарушылар екі жасар баланың денесін тауып алып шықты. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз, – деп хабарлады БҚО ІІД.
Естеріңізге сала кетейік, 24 қазан күні Ақжайық ауданы Жанама ауылында екі және бес жастағы екі бала үйден шығып, қайтып оралмаған. 15. 30-да балалар өз үйлерінің ауласынан шығып кеткен.
Мария Драчева