Он төрт жасар жігіт оқиды және барбер болып жұмыс істейді (БЕЙНЕ)

Андрей Швец, күн сайын мектептен кейін бірнеше сағат бойы шаштараз салонында келушілерге қызметін көрсетеді. Жас барбер барлық уақытта даму керек, жаныңа жақын жаңаны жүрегіңмен тану керек деп санайды.

Барбер-қарапайым ерлерден әдемі жігіт жасайтын маман. Бұл сақал, мұртты түзейтін ерлер шаштаразы.

«Алға ұмтылмаймын, осында және қазіргімен өмір сүремін», – Андрей Швец. // Артем Букреев фотосы

Андрей «барберлік» шеберлікке үйреніп, өз бастауын жетілдіреді.Андрейдің пікірінше, барбер кәсібінің ең бастысы-оған келетін адамдар.

-Қидырушы оған келіп, оған не керектігін айтады, мен айтқанын жасаймын. Маған келген адамнын жақсы көңіл-күймен кетуі өте маңызды. Өйткені, адам тек қидыруға ғана емес, күйбеңі бітпес қу тірліктен бір сәт арылуға келеді — дейді Андрей.

Оның айтуынша, кейде келген келушілер, үнсіздікті қалайды, ал біреулері керісінше сөйлескісі келеді. Ол әңгімені қыздыра түседі немесе үнсіз өз жұмысын жасайды.

Андрей оқып жатқан мектепте оның жұмыс істейтінін біледі. Оны мұғалімдер мен сыныптастар да қолдайды. Ол көптеген достары мен сыныптастарының да шашын қияды.

— Сабағым жақсы, кейде бәрі ойдағыдай болады, ал кейде біраз уақыт жұмсауыңа тура келеді, бірақ мен тырысып бағудамын . Жалпы мектепте білімім жақсы, – дейді жігіт.

Андрей әжесімен, анасымен, апасымен және кішкентай жиенімен бірге тұрады.Отбасы да оның бастауын қолдайды.

– Анам барберге оқуды бастағанда, менің алғашқы құралдарымды сатып әперді, олар маған өте пайдалы болды. Мен өзімнің алғашқы жалақымды алған кезде, мен үйге торт сатып алдым және біз оны отбасымызбен атап өттік,- деп есіне алады Андрей.

Сондай-ақ, жас барбер армандап жүрген кәсіби гитара алуға ақша жинап жатқанын айтты. Гитарада ән айту және ойнау, уақыт болған кездегі әуестігі.

– Әрине, жақсы ойнау үшін көп нәрсені үйрену керек, бірақ менде қалыптасып келе жатыр. Достарымызбен бірге болған кезде және уақыт болған кезде гитараман ән айтуды ұнатамын, – деді Андрей.

Жас барберде армандар көп, бірақ болашақ жайлы жоспар әлі құрмаған.

— Мен тек алға қарай қараймын, әр жаңа күнге қуанамын және қазіргімен өмір сүремін, — деді Андрей Швец.

Мария Драчева

Бейне және фото: Артем Букреевтікі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

19 + nine =

x
2023-09-29
Утром10.93 ℃
Днем19.64 ℃
Вечером17.69 ℃
Ночью16.36 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.91 м/с
2023-09-30
Утром11.31 ℃
Днем19.09 ℃
Вечером16.82 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.32 м/с