Белсендіге ескерту берді
Алты сот отырысы, төрт полиция және заңды есіне сақтамайтын тергеуші, осылар белсендінің полицейлерге бағынбауға кінәлі деп тануы үшін жеткілікті болды. Сот оған ескерту жасады.

Бұл полиция оның азаматтық белсенділігі үшін қудалап жүрген Әлия Әбілхаироваға қатысты сот процесі туралы болып отыр. Әлия Қазақстанның саяси тұтқындарын босату талабымен жалғыз адамдық наразылық акциясын өткізіп, басқа да наразылық акциялары кезінде полиция қызметкерлерімен бірнеше рет ұсталған.
Қазіргі әкімшілік іс үшін 18 қазан күні полиция қызметкерлерінің әйел адамды ұстау себеп болды. 17 қазан күні кешке полиция қызметкерлері куәгер ретінде белгілі емес қылмыстық істі тергейтін тергеушіге жеткізуге тырысты. Ол кезде Әлия Әбілхаирова тергеушіге шақыру қағазын берсе ғана баратынын мәлімдеген. Келесі күні, 18 қазанда, ол үйден шыққан кезде, көшеде кенеттен төрт полиция қызметкері шабуыл жасаған, олардың біреуі автоматпен қаруланған. Әйел қорқып, полицейлерден өздерін таныстыруды талап еткен. Олар оның талабын елемегесін, ол бірге жүруден бас тартқасын, оны күшпен полицияға жеткізген. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша «Билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбау»әкімшілік іс үшін формалды негіз болды.
Әлияны 31 қазанда полицияға қайта шақырғанда бұл бап бойынша айыптап жатқанын білді. 1 қарашада іс әкімшілік сотқа берілді, бірақ сот талқылауы кейінге қалдырылды, өйткені полицейлер Әлия Әбілхаированың қорғаушысын шақырмаған. Екінші сот отырысы 7 қарашада өтіп, талқылау тек 12 қарашада аяқталды.
Сот талқылауы барысында Әлия Әбілхайырованың қорғаушысы полиция қызметкерлерінің жол берген көптеген іс жүргізу бұзушылықтарын сотқа көрсетті.
— Менің қорғауым полицияға куә ретінде шақырылған, заң бойынша оған мәжбүрлеу шарасын қолдануға болмайды. Бұл бұрын шақыру қағазы бойынша бірнеше рет шақырудан бас тартқан күдіктіге немесе қорғалу құқығы бар куәларға қатысты немесе егер тергеуде олар тергеуден жасырынуы мүмкін деп пайымдауға негіз болса ғана қолданылады. Бұл полиция тарапынан бірінші бұзушылық. Екінші – бұл әкімшілік материалды жасау кезінде полицейлер Әлияға қорғаушыны шақыру мүмкіндігін бермегені. Яғни, оның құқық бұзушылық туралы хаттамасы азамат кінәсінің заңсыз дәлелі болып табылады және тек осы негізде іс тоқтатылуы тиіс, — деді Руслан Шағатаев.
Сотқа куәгер ретінде төрт полиция қызметкері шақыртылды, олар қарама-қайшы жауап берді. Атап айтқанда, олардың бірі Әлия Әбілхарованың тұратын жерінің қасында кездейсоқ болғанын, ал екіншісі сот залында 18 қазан күні таңертең тергеушінің тапсырмасы бойынша келгенін мәлімдеді. Тергеуші Дармен Ізбасаров адвокаттың сұрақтарына жауап бере отырып, қылмыстық іс қозғалған қылмыстық істің нөмірін, қылмыстық кодекстің бабының нөмірі мен мазмұнын атай алмады және Әлия Әбілхайырованы полицияға не үшін мәжбүрлеп жеткізгенін түсіндіре алмады.
Осы дәлелдерге қарамастан, сот Әлия Әбілхаированың кінлі деп тауып, оған әкімшілік ескерту жасады. Судья Ернар Халыков өз шешіміне түсініктеме бере отырып, Алияға айыппұл немесе қамауға алу түріндегі жаза қолданбағанын айтты, себебі оның асырауында науқас бала мен қартайған анасы бар.
Әлия Әбілхаирова өзінің сот шешімімен келіспейтіндігін білдірді.
— Мен сот залында құқық бұзушы ретінде тұрып, өзімнің кінәсіздігімді дәлелдеуге мәжбүр болдым – бұл менің азаматтың конституциялық құқықтарының бұзылуы. Және де сот мені осы құқықтық заңсыздықтың ауқымын «ізгілікті» деп, ескерту туралы шешім шығарды, — деді Әлия Әбілхаирова соттан кейін.
Құқық қорғаушы Павел Кочетков сот қаулыны жариялағаннан кейін прокурор мен сот ұстанымына наразылығын білдірді.
— Әкімшілік сот бұл қылмыстық емес. Әкімшілік сотта прокурор айыптауды қолдамауға тиіс. Ол заңдылықтың сақталуын қадағалауы керек. Ал бұл жағдайда біз прокурор полицияның қорғаушысы ретінде сөз сөйлеп, полиция қызметкерлерін барынша қорғаштап, олар жіберген көптеген заң бұзушылықтарға көз жұмды, соған қарамастан Әлия Әбілхайырованы кінәлі деп тануды талап етіп отыр. Сот іс жүргізуді тоқтатуы және заңдылықты бұзғаны үшін полиция қызметкерлеріне қатысты жеке ұйғарым шығаруы тиіс еді, — деп мәлімдеді Павел Кочетков судья Ернар Халыковтың қаулысына түсініктеме бере отырып.