Сотталған жемқор жазасын теледидары бар камерада бешбармақпен өтеп жатыр (БЕЙНЕ)

YouTub видеохостингінде түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан БҚО спорт басқармасының экс-бастығы Мүсілім ОҢДАҒАНОВТЫ түсірген бейне жарияланды. Бейнеде ол бешбармақ жеп отырып, тілек айтуда.

«Қостанайдағы ГУ УК 161/2 менттер заңсыздығы» атты бейне осы жылдың 11 қарашасында жарияланды. Алдымен кадрда сотталғандар пайда болады,олар түзеу колониясының аумағында саппен кетіп бара жатыр, кадрдың ар жағындағы дауыс, колония әкімшілігі сотталғандарды мағынасыз саппен жүруге мәжбүр ететінін хабарлайды. Содан кейін бейнеде төрт адам азаматтық киіммен көрсетіледі. Олардың арасында қызыл футболкада Мүслім Ондағанов бар. Ерлер теледидар қасында дастархан жайылған үстелде отыр. Мүслім Ондағанов тостағанды көтеріп, тілек айтуда. Ол әрдайым осындай бешбармақ және туған-туысқандарының әл-ауқаты үшін ішуді ұсынады. Кадрдағы дауыс түзеу колониясында «бешбармақ жеп және виски ішетін» ерекше жағдайға ие сотталғандар бар екенін хабарлайды.

Бұл бейненің титрларында бұл колонияда ҰҚТ (ұйымдасқан қылмыстық топ. автор. ескерт.) көшбасшылары отыр, әкімшілік оларға жеңілдіктер береді және олардың режимді бұзатынына көзді жұма қарайды. Сонымен қатар, титрларда Мүсілім Ондағановты ерекше жағдаймен қамтамасыз ететін ҚАЖД қызметкерлерінің аттары (қылмыстық — атқару жүйесі департаменті- ред.ескерту.) айтылады, ҚАЖД бастығы Мусин, оның орынбасары Ибраев және колония қызметкері Кабенов.

Бұған дейін Мүслім Ондағанов журналистер назарына іліккен болатын. Атап айтқанда, 2012 жылы өзінің ұсталуына бір жыл қалғанда Мүслім Ондаганов өзі туралы деректі фильмге тапсырыс берді, «45. Сөз мен іске адалдық». Кейінірек бұл фильм интернеттен жойылды, бірақ басқа атаумен сақталған фильмнің көшірмесі бар. Төменде біз осы фильмге сілтеме келтіреміз.

Естеріңізге сала кетейік, Мүслім Ондағанов 2014 жылы мүлкін тәркілеумен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2009 жылдан 2012 жылға дейін ұйымдастырылған топтың құрамында 200 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ұрлық туралы іс бойынша барлығы 35 адам өтті. Қылмыстық іс 105 томнан тұрды.

Мүслім Ондағанов 2002 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының спорт басқармасын басқарды. 2013 жылдың сәуір айында ҚР Бас прокуратурасы бастамашылық жасаған қылмыстық істі тергеу кезінде сот қамауға алды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында Муслім Ондағановты соттан оны кепілдікпен босатуды сұрады. Сол кезде сотқа Мүслім Оңдагановтың 200 млн теңгеден астам сомаға кепіл мүлкін бағалаған бағалау компаниясының құжаттары ұсынылды.

x
2019-12-06
Утром0 ℃
Днем0 ℃
Вечером0 ℃
Ночью-0.04 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.93 м/с
2019-12-07
Утром-0.18 ℃
Днем0.39 ℃
Вечером-1.03 ℃
Ночью-1.81 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.59 м/с