БҚО ең үздік заңгерлері тегін кеңес береді
Қазақстанда «Халықтық заңгер» атты екінші жалпыреспубликалық акция дайындалуда, деп хабарлайды. Zakon.kz.

22 қараша күні сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтетін акция барысында еліміздің үздік заңгерлері мен қорғаушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері халыққа тегін құқықтық көмек көрсетеді.
Кездесуге келген елдің кез келген тұрғыны қорғаушылардан, нотариустардан, прокурорлардан, тергеушілерден, сот орындаушыларынан, полицейлерден, Әділет қызметкерлерінен, көші-қон полициясынан, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасынан, мемлекеттік органдар басшыларынан жоғары білікті заң кеңесін алады.
Акция өткен жылдағыдай, бір күнде Қазақстанның 17 қаласында өтеді.
Мамандар Сіздің сұрақтарыңызға келесі бағыттар бойынша жауап беруге дайын: азаматтық құқық және процесс, неке-отбасы құқығы, мұрагерлік құқық, әкімшілік құқық, тұрғын үй құқығы, банк құқығы, қылмыстық құқық және процесс, атқарушылық іс жүргізу, жер құқығы, еңбек құқығы, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы және әлеуметтік қорғалмаған тұлғаларды қолдау (мүгедектер, зейнеткерлер), салық құқығы, нотариалдық қызмет, корпоративтік құқық.
Оралда акция мына мекен-жайда өтеді. Қадыр Мырза Әли, 18 үй, Оқушылар мен жастар сарайы, 22 қараша сағат 17: 00.