БҚО полиция басшысын тонау мен заңсыз әректеті үшін айыптауда. Ол блогердің полицейлер қатысуымен болған ЖКО түсірген смартфонын тартып алған (БЕЙНЕ)

Орал қаласының тұрғыны Айболат Бөкенов құқық қорғау органдарына БҚО полиция департаментінің бастығы генерал Махсудхан Аблазимовты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш түсірмек. Полицей басшысы ЖКО түсірген блогердің смартфонын тартып алып, оны ұстауды бұйырған.

Айболат Бөкеновтың пікірінше, полиция генерал-майоры заңсыздыққа жол берді, бөтен адамның смартфонын тартып алып, тоңаумен айналысты, Айболат Бөкеновты оқиға орнынан генералдың бұйрығы бойынша полиция қызметкерлері куәландыруға наркологияға, содан кейін Зачаган полиция бөліміне жеткізді. Онда Айболат Бөкеновке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау» бойынша хаттама толтырылды.

– ЖКО орнына мен шамамен 23: 15-те келдім. Мен сол жерде полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібековты көрдім және оған жағдайды түсіндіруді өтіндім. Ол маған жақын маңда тұрған департамент бастығына баруды айтты. Мен смартфонның камерасы қосылған күйде генералға келіп, жағдайды түсіндіруді өтіндім. Махсудхан Аблазимов менің сұрағыма жауап беруден бас тартып, оны түсірмеуге бұйрық берді. Содан кейін смартфонды қолымнан алып, оны басқа полицейге беріп, смартфоннан барлық бейнелер мен фотосуреттерді жоюға бұйрық берді. Генерал полиция қызметкерлеріне мені көрсетіп: «Алып кетіңдер!» деп бұйырды. Мені патрульдік машинаға отырғызып, қала орталығына жол тартты. Жол бойында полиция офицері көлікті бірнеше рет тоқтатып, далаға шығып, телефон арқылы біреумен сөйлесті. Содан кейін мені наркологияға алып келді. Онда менде жеңіл дәрежелі мастық деген қорытынды шығарды. (ЖКО туралы қоңырау шалынғанда, мен үйімде досыммен сыра ішіп отырғанмын). Сосын мені Зашаған полиция бөліміне әкеліп, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша хаттама толтырды. Маған 5 күн ішінде мені сотқа шақырады деді. Полиция қызметкері маған осы бап бойынша мені 5 тәулікке қамауға алу немесе айыппұл салу мүмкін екенін айтты, — деді Айболат Бөкенов.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қараша күні кешке полицияның патрульдік машинасы Зашағандағы «Медколледж» аялдамасы маңында бағдаршамға өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен болатын. Оны ЖКО орнынан ес-түссіз күйде ауруханаға алып кетті. Қыздың ашық бас жарақаты мен көптеген сынықтары анықталды. Оқиға орнында БҚО полиция департаментінің бастығы генерал Махсудхан Аблазимов пен блогер Айболат Бөкенов арасында, оқиға жайында айтып беруді өтінгені үшін жанжал орын алды. Генерал блогердан смартфонды тартып алып, гаджеттен барлық бейнелер мен фотоларды алып жоюға және өзінің қарамағындағыларға блогерді ұстауға бұйрық берді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-13
Утром-9.62 ℃
Днем-5.98 ℃
Вечером-8.77 ℃
Ночью-11 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.46 м/с
2025-02-14
Утром-12.15 ℃
Днем-4.98 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-10.67 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра3.85 м/с