Полицейлер жолда қаққан қыз туралы не мәлім
Лариса Бейсова білімі бойынша фельдшер, ол тек жақында ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істей бастаған.

Полиция патрульдік машинасымен қағып кеткен 21 жасар Лариса Бейсова биылғы жылы медициналық колледжін «фельдшер»мамандығы бойынша оқып шықты. Бірден колледжді аяқтағаннан кейін ол мамандығы бойынша жұмысқа орналасты, оқиға кезінде жұмыстан үйге қайтып келе жатқаны ықтимал. Бұл туралы «ОА» журналистері қалалық көп салалы ауруханада кездескен қыздың анасы айтты.
– Мен таңертең Қаратөбе ауылынан келдім. Қызыма мені жібермеді, өйткені ол ес-түссіз жан сақтау бөлімінде жатыр. Осында дәрігерлерден ақпарат күтіп отырмын. Бәрі жақсы болса екен деп үміттенемін, – деді әйел.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ЖКО салдарынан Ларисаның бас сүйегінің ашық жарақаты, бас сүйегінің сынуы, миының соғылуына әкеп соқты.
Сондай-ақ, ауруханада Ларисаның анасының жанында өткен түнде қыз дөңгелегінің астына түскен полиция машинасының жүргізушісі Ринат Баймұқашевтің ата-анасы бар.
– Ұлым қазір қалалық бөлімде. Оның телефонын алып қойған, онымен әлі байланыса алмадық. Біз мұнда таңертең келдік және қазір қыздың анасын қолдан келгенше қолдаудамыз. Ол үшін өте алаңдаймыз, — дейді Ринат Баймұқашева.
Қазіргі уақытта Лариса Бейсова отадан кейін жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалайды.