Полиция полицейлермен болған ЖКО фактісі бойынша тергеуді бастады

Оралда полиция патрульдік машинасының қызды қағып кету фактісі бойынша қылмыстық тергеу басталды. Полиция басшылығы автокөлікті басқарған офицерді жұмыстан босатты. Оның үш басшысы сөгіс алды.

«Ағымдағы жылдың 18 қарашасында сағат 22.30-да Орал қаласында Жәңгір хан мен Брусиловский көшелерінің қиылысында патрульдік қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Баймұқашев (1993 ж.т.) қызметтік автокөлікті басқара отырып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1998 ж. т. Орал қаласының тұрғынын. Қазіргі уақытта полиция қызметкері Баймұқашевке қатысты ҚР ҚК 345 — бабы 2-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген полицияның баспасөз хабарламасында.

Тәртіптік комиссия шешімімен бұл қызметкер ішкі істер органдарынан қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін шығарылды. Сондай-ақ, оның тікелей командирлері мен басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

БҚО полиция департаментінің бастығы Генерал Махсудхан Аблазимов жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен Лариса Бейсованың туыстары мен жақындарына кешірім сұрады.

«Мен өз қарамағындағылардың әрекеті үшін Бейсова Ларисаның туған-туыстары мен жақындарына шын жүрегімнен кешірім сұраймын. Өз тарапымыздан біз Ларисаға барлық көмек көрсетеміз. Оған тез арада сауығып кетуді тілейміз»,-делінген полицияның баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта 21 жасар Лариса Бейсова түндегі жасалған отадан кейін қалалық көпбейінді аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Оның есі әлі кірген жоқ, оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалайды. ЖКО нәтижесінде қыз ашық бас сүйек-ми жарақатын, бас сүйегінің сынуын алды және миы соғылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-13
Утром-10.24 ℃
Днем-5.98 ℃
Вечером-8.77 ℃
Ночью-11 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.46 м/с
2025-02-14
Утром-12.15 ℃
Днем-4.98 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-10.67 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра3.85 м/с