Полиция машинасының астына түскен қыз әлі есін жиған жоқ

Лариса Бейсованың жағдайы ауыр. Ол әлі жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр.

Лариса Бейсованың фотосы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасынан

Бұл туралы «Орал апталығы» журналистерімен байланыс орнатқан қыздың туғандары хабарлады. Олардың айтуынша Лариса әлі есін жиған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 21 жасар Лариса Бейсованы 18 қараша күні кеште Оралдағы полиция патрульдік машинасын қағып кетті. ЖКО Зашаған кентіндегі «Медколледж» аялдамасы ауданында орын алған. Лариса Бейсова ЖКО орнынан ес-түссіз жағдайда ауруханаға жатқызылды. Оған ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының соғылуы, бас сүйек негізінің сынуы және бұғана сынығы диагнозы қойылды. Ауруханаға жеткізгеннен кейін қызға бірден операция жасаған. Қазіргі уақытта ауруханада қыздың анасы мен ағасы бар.

Лариса Бейсова тек биыл медициналық колледжді «фельдшер» мамандығы бойынша бітіріп, мамандығы бойынша жұмыс істей бастаған.

Патрульдік автокөлікті басқарған полиция лейтенанты уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция «Адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан, жол қозғалысы ережелерін бұзу » 345-бабы 2-бөлімі бойынша тергеу жұмыстарын бастады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-20
Утром-2.2 ℃
Днем-1.76 ℃
Вечером-2.5 ℃
Ночью-3.19 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра6.11 м/с
2025-01-21
Утром-6.86 ℃
Днем-10.11 ℃
Вечером-11.54 ℃
Ночью-13.1 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра10.47 м/с