Оралда 10 жасар қызды қағып кеткен жүргізушіні дереу ұстау жоспары жарияланды

Кеше, сағат 20:50-де, бесінші шағынауданда Әбілхайыр хан даңғылы мен Желаев трассасын жалғайтын Нұр көшесінде адам өлімімен жол апаты орын алды. Баланы қағып кеткен жүргізуші қылмыс орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды «Мой Город».

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен жаяу жүргіншілер өтпесінің бірнеше күн бұрынғы суреті.

– Жүргізуші 10 жасар қызды қағып кетті. Ол жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан. Жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қазіргі уақытта аталған жүргізушіні анықтау бойынша барлық шараларды қабылдаудамыз. Қала бойынша аталған автокөлік бойынша бағдарлар жіберілді, көлікті іздейміз. Жақын арада табамыз. «Дереу ұстау»жоспарын жүргізудеміз. Қаладан барлық шығулар жабылды, — деді Орал қалалық полиция басқармасының бастығы Мерлан Айкенов.

10 жасар қыз алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

– Жедел медициналық жәрдем станциясына сағат 20.51-де Бәйтерек шағын ауданында Нұр көшесінде жаяу жүргіншіні қағып кеткендігі туралы шақырту келіп түсті. Жедел жәрдем оқиға орнында 20.57-де болды. 2009 жылы туған зардап шеккен қыз қайтыс болды. Ол жедел жәрдем келгенше көз жұмды, – деп хабарлайды БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасының орын алған сәті көрінетін автокөліктердің бірінің автоорегистраторынан бейнежазба түскен. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ауди С-4» немесе «Ауди С-6» маркалы қызды қағып кеткен жүргізушінің автомобилі қою жасыл немесе жасыл түсті.

«Қандай да бір ақпарат түскен кезінде Орал қ. ІІБ кезекші бөліміне телефон арқылы хабарлауды сұраймыз.: 8(7112) 28-33-96, 21-17-19 — деп қосты БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Алексей Воробьев

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

five × three =

x
2023-09-30
Утром11.08 ℃
Днем18.86 ℃
Вечером16.9 ℃
Ночью13.16 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.09 м/с
2023-10-01
Утром9.48 ℃
Днем18.49 ℃
Вечером17.15 ℃
Ночью13.96 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра2.74 м/с