Орал әкіміне сөгіс жарияланды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Ескалиев Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековке сөгіс жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.тілшісі.
Бұл туралы мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды.
Өңір басшысының айтуынша, қала басшылығы он жасар қыз қаза тапқан апаттан қорытынды жасауы қажет.
«Оралда өліммен аяқталған апаттар саны 41 пайызға өсті. Мен қала әкіміне сөгіс жарияладым. Оған облыс орталығын жарықтандыруға жауапты бөлім басшыларының жауапкершілігі туралы мәселені қарауды тапсырды. Мектеп оқушысы қаза тапқан жолда жарық болған жоқ. Жобалау және құрылыс кезеңінде осы мәселелерге көңіл бөлу қажет. Әсіресе мектептерге апаратын жаяу жүргіншілер жолы», — деп мәлімдеді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.
Сондай-ақ, аймақ басшысы өзінің орынбасарына жол-көлік оқиғасының алдын алу мәселелерімен айналысатын ведомствоаралық топ құруды тапсырды.
Абат Шыныбеков осы жылдың тамыз айында Орал қаласының әкімі болып тағайындалды. 1996-2003 жылдары мемлекеттік қызметте әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2003-2006 жылдары Казталов ауданы әкімінің орынбасары, кейін Орал қаласы әкімінің кеңесшісі болды. 2017 жылы Абат Шыныбеков Казталов ауданының әкімі болып тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні кешке Бәйтерек шағын ауданында № 44 ЖОМ он жасар оқушысы Айару Ермек қаза тапты. Қыз әжесімен бірге спорттық жаттығудан үйлеріне келе жатқан. Жарықтандырылмаған жүргіншілер жолында 33 жастағы жүргізушісі, төртінші сынып оқушысын машинасымен қағып, оқиға болған жерден қашып кеткен. Кейін оны полицейлер ұстады.