БҚО-да экс-шенеуніктердің төбелесі бейнеге түсті
Just Aksay қоғамдастығында Facebook әлеуметтік желісінде үш жас жігіттің төбелесі түсірілген бейне жарық көрді. Төбелеске қатысушыларының бірі Бөрлі ауданы әкімдігінің бұрынғы заңгері.
Бұл бейненің түсініктемесінде топ әкімшілігі төбелес қатысушыларының бірі жергілікті әкімдіктің мемлекеттік қызметшісі деп жазды. Кейін бұл бейнені «Басе» арнасы жариялаған, оның мәліметтері бойынша,бейнедегі үш жас адамның үшеуі де-мемлекеттік қызметкерлер, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімдігінің сәулет бөлімінің қызметкерлері. Тіпті төбелеске қатысушылардың Бекжан, Әнуар және Асланбек деп есімдерін де атады.
Алайда Ақсай қаласының әкімі Амангелді Тоғызбаев бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, мұндай бөлім Ақсай қаласының әкімшілігінде жоқ, бейнедегі адамдар оның қарауында жұмыс жасамайды.
Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы Мұхтар Нұрмақов төбелеске қатысушылардың бірі (жас жігіт ашық қоңыр күртешеде-ред.ескерт) аудан әкімдігінде заңгер болып жұмыс істеді. Алайда, Мұхтар Нұрмақов бұл жас жігіт 22 Қарашада 24 қарашада болған төбелеске екі күн қалғанда жұмыстан кеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бейнеге түсірілген басқа екі жас жігіттің аудан әкімдігіне қатысы жоқ.
Just Aksay тобының әкімшісі Тимур Дархановтың айтуынша, бейнені топқа пайдаланушылардың бірі ұсынылды.
– Бейнені жариялағаннан кейін маған төбелеске қатысушылардың туыстары мен мемлекеттік органдар өкілдері де бейнені алып тастау туралы өтініш білдірді.Бірақ, мен бұл бейнені алып тастауға негіз жоқ деймін, — деді Тимур Дарханов.