Жол-көлік оқиғасында қаза болған қыздың әкесі әділет қызметкерлерінің өтірігіне наразы

«Мәйітхана басшыларының барлық нұсқасы-қып-қызыл өтірік!»-деді Асылхан Қазиев, сот сараптамасы орталығы басшысының оның қызметкерлері қыздың денесін шатастырған деп, ақталғанына.

Көлік дөңгелектерінің астында Айару Ермек қаза тапқан жер, жол-көлік оқиғасынан кейінгі алғашқы сағаттарда

10 жасар Айару Ермектің әкесі Асылхан Қазиев Әділет қызметкерлері салғырттық ізін жасыруға тырысқаны туралы айтып берді.

— Мен әлеуметтік желілерде «ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы» БҚО бойынша филиалының директоры Олжас Дүйсенбаевтың сөзін оқыдым. Оның айтуынша, олар біздің қызымыздың денесін алып кеткен адамдармен байланыс орнатып, машина жіберіп, оның денесін бізге алып келген. Бұл қып-қызыл өтірік! Біріншіден, мәйітхананың қызметкерлері де, мәйітхананың басшылығы да, лауазымды тұлғалардың ешқайсысы да, біздің қызымыздың денесін қателесіп беріп жіберген отбасы туралы ешқандай ақпарат берген жоқ. Сол күні біз, өзіміз жан-жаққа хабарласып, облыстық балалар ауруханасында отадан кейін бір қыздың қайтыс болғанын білдік. Біз қайтыс болған қыздың туыстарымен байланыс орнатып, олар арқылы біздің қыздың денесін қателесіп алып кеткен адамның телефон нөмірін таптық. Сондай-ақ, біз өз машинамызбен қызымыздың денесін алып бара жатқан машинаның артынан шықтық. Ешқандай полиция, әділет басқармасының машиналары болған жоқ. Оның үстіне, мәйітхана қызметкерлерінің бірі, олардың қателігі ашылғаннан кейін, Бөкей орданың отбасына қайта-қайта телефон шалып, оларға денені бізге бермеуін талап етіп, оны бірден облыстық мәйітханаға апаруын сұраған,-дейді Асылхан Қазиев.

Оның пікірінше, сот сараптамасының орталығында нақты тексеру жүргізу керек.

— Олардың санитарды жұмыстан шығаруы — бұл бар болғаны тек кінәліні тауып, жазалауы. Ал, шынына келсек ол жерде тұтас безберекетсіздік. Менің қызымның денесі инфекциялық аурухана ауданында сот сараптамасы орталығының мәйітханасында болды. Бөкей орда ауданынан келген қыздың денесі облыстық аурухана ауданындағы мәйітханада болған. Бұл тек екі түрлі мекеме ғана емес, олар қаланың түрлі бөліктерінде орналасқан! Яғни, егер санитар қателессе де, мәйітханада жоқ баланың денесін бергенін қалай түсіндіруге болады?! Неге Сот сараптамасы орталығының басшылығы Бөкей орда ауданындағы отбасына қызымның мәйітін жұқпалы аурулар ауруханасындағы мәйітханаға емес, облыстық аурухананың жанындағы мәйітханаға жеткізуін талап етті? Егер олар (сот сараптамасы орталығының басшылығы- ред. ескерт.) жай ғана кешірім сұраса, мен кешірер едім және мәселені жабар едім. Бірақ мені ашуландырғаны, олардың өтірік айтуы — деді Асылхан Қазиев.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қараша күні көлік дөңгелегінің астында қаза тапқан 10 жасар Айарудың денесін мәйітхананың қызметкерлері қателесіп Бөкейорда ауданынан қыздарының денесін алып кетуге келген басқа адамдарға берген болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-10-09
Утром15.6 ℃
Днем17.25 ℃
Вечером16.3 ℃
Ночью13.45 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра4.8 м/с
2024-10-10
Утром11.48 ℃
Днем15.59 ℃
Вечером12.37 ℃
Ночью10.18 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра8.9 м/с