«Балаларыңа сендер үздіксіңдер деп айтыңдар» – ерекше балалар аналарының қарапайым кеңестері
Бұл әйелдер өздерінің «ерекше» балаларынан «анашым» деген сөзді естімейді. Олар балаларына деген махаббатын тек жылы сөзбен ғана емес, күнделікті денсаулық үшін күреспен де көрсетеді.
Мырзағалиева Индира
33 жаста

Бізге жиі шыдамдылық жетіспейді, мен барлығына шыдамдылық тілеймін. Ең бастысы, баланың сау болуы,басқа ештеңе қажет емес.
Жансая Наурызова
31 жаста

Ананың міндеті-өз баласын сүю және оны сақтау. Егер сен-анаң болса, өз балаңды қорғауға міндеттісің. Ұсақ қиындықтарға назар аударудың қажеті жоқ. Ең бастысы, баланың сау болуы.
Ақбота Қанатқалиева
29 жаста

Мен аналар өз балаларын қандай болса да бағалағанын қалаймын. Өз сау балаларын қалдыратын аналар бар-оларда жүрек жоқ.
Жиенбаева Тұрсынай
30 жаста

Балаларыңызға, жаман баға үшін немесе жарыстағы сәтсіздік үшін ұрыспаңыз. Балаларға сен үздіксің деп айту керек. Дені сау балалардың аналары біздің балаларға жақындауға тыйым салады, олардың ауруларынан қорқады, Балаларды балалық шағынан қайырымдылыққа үйрету керек.
Салтанат Бисақова
27 жаста

Балалар-бұл бақыт. Қазір аналардың мансап таңдайтынын жиі көруге болады, бұл жағдайда балаға уақыт жетіспейді, бұл жаман, бос уақытын балаларға бөлу керек.
Аға-інілері, өскенде бауырлары көп болуы үшін, көп балалы ана болуға талпыну керек.
Нина Кауисовна Әбуғалиева
69 жаста

Егер дүниеге бала әкелсеңіз, онда өз балаңызды өзіңіз өсіріп, тәрбиелеңіз, оны басқа ешкім жасамайды.
Менің қызым онкологиялық аурумен ауырады, сондықтан мен немеремді жалғыз өсірудемін. Балалық шақтан балалардың денсаулығын қадағалаңыз.
Аида Бақтыгереева
30 жаста

Менің төрт балам бар. Мен көп балалы ана болуды армандадым және соған жеттім! Ең бастысы-баланы кінәләмау керек. Мен, мысалы, балалармен бірге сабақ оқымаймын, осының арқасында олар дербес, өз еңбектерімен өсіп келе жатыр.
Сурет пен мәтін Раул Упоровтікі