Оралда қала әкімдігінің үш бірдей шенеунігі жұмыстан шығып кетті, не себепті екенін анықтамақпыз
Өткен аптада қала әкімдігінің үш бірдей бөлім басшысы өз қалаулары бойынша жұмыстан босатылды. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы Миржан Нұртазиев атқарып отырған қызметінен шыққан алғашқы адам болды. Кейін қала әкімінің баспасөз қызметі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Менеев пен білім бөлімінің басшысы Асан Нарымбаевтың арыз жазғанын хабарлады.

Миржан Нұртазиевтің жұмыстан босатылуы туралы жұма, 22 қараша күні белгілі болды.10 жасар Айару Ермек көз жұмған жол-көлік оқиғасынан кейін екі күннен кейін. Сол күні облыстық мәслихат сессиясында, БҚО әкімі Ғали Есқалиев мектеп оқушыларының жол-көлік оқиғасында қаза тапқанын, сондай-ақ қала әкімі Абат Шыныбековке сөгіс жариялағанын мәлімдеді.
— Биыл өліммен аяқталған ЖКО саны 41 пайызға өсті. Кеше мен қала әкіміне сөгіс жарияладым. Мұнда полиция департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысуда, осы мәселеге ерекше көңіл бөлуді тапсырамын. ЖКО көбіне Оралды жарықтандыруға байланысты. Жол құрылысы жоспарланған кезде, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына көңіл бөлу қажет. Әсіресе, мектептерге апаратын жаяу жүргіншілер жолын, — деді облыс әкімі.
Өңір басшысының айтуынша, қала басшылығы он жасар қыз қаза тапқан апаттан қорытынды жасауы қажет.
Ғали Есқалиев қала әкіміне жолдар мен облыс орталығын жарықтандыруға жауапты бөлім басшыларының жауапкершілігі туралы мәселені қарауды тапсырды.
— Мектеп оқушысы қаза тапқан жолда жарық болмаған, – деді қала әкімі, Ғали Есқалиев.
Сондай-ақ, аймақ басшысы өзінің орынбасарына жол-көлік оқиғасының алдын алу мәселелерімен айналысатын ведомствоаралық топ құруды тапсырды.
Миржан Нұртазиев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы, қалада жарықтандыру бойынша сұрақтарға жетекшілік етті. Өзінің жұмыстан босатылуына бір күн қалғанда журналистерге берген сұхбатында ол қаладағы 109 жаяу жүргіншілер өтпесі жарықтандырылмай тұрғанын айтқан еді, оның ішінде қыз қайтыс болған өтпе де бар болатын. Бірақ жыл соңына дейін ең қауіпті 11 учаскеде жұмыстар аяқталады, оның төртеуі жарық орнатылды, деген болатын.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі Төлеби көшесі бойының жол төсеміне (ЖКО орын алып, Айару Ермек қаза болған көше) жобалау –сметалық құжаттама (ЖСҚ) жасалғанда,жарықтандыру кірмеген деп хабарлады. Қазіргі уақытта қаладағы 109 жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыруға бюджеттік өтінім берілді, оң нәтижелер күтіледі және жылдың соңында өткелдерде жұмыстар жүргізуге тендер жарияланатын болады.
— Қазіргі уақытта, 11 жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталған, онда жұмыстар қараша айының 18-24 аралығында жүргізілді. Бірқатар бөлім басшыларының жұмыстан кетуі туралы айтарымыз, олар өз қалаулары бойынша жұмыстан босатылды. Осы себепті біз ешқандай түсініктеме бере алмаймыз, – деді қала әкімдігінде.
Қалалық әкімшілікте журналистерге мұндай шешімнің себебін бұрынғы басшылардың өздерінен сұрауға кеңес берді.
Миржан Нұртазиевпен телефон арқылы сөйлескенде, оның шешімі кездейсоқ емес, әбден ойланған шешім екені анықталды.
– Жұмыстан босату туралы мәлімдемені мен баяғыда жаздым,бірақ соңғы оқиғалар да менің шешіміме әсер етті.Қазір мен үйдемін, – деді Миржан Нұртазиев.
Өкінішке орай,тілшілер Айдар Менеев пен Асан Нарымбаевқа байланысқа шыға алмады, олар телефон қоңырауларына жауап берген жоқ.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан босату туралы департамент басшысының орынбасары –Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Аманқос Жұбаныш түсініктеме берді.
– Басшыларды жұмыстан босату туралы хабарды БАҚ-тан білдік.Қала әкімдігінен оларды жұмыстан босату туралы ақпарат бізге берілмеді,сол себепті бізде қаралмады. Бірақ айта кету керек, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметші өз еркімен жұмыстан шығуға құқылы. Әкімдік бөлімдері басшыларының өтінішін қала басшысы қарайды және қол қояды. Олардың жұмыстан босатылуына түсініктеме бере алмаймыз, себебі бұл олардың жеке шешімі, – деді Аманқос Жұбаныш.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні кеште Бәйтерек шағын ауданында № 44 ЖОМ он жасар оқушысы Айару Ермек қаза тапты. Қыз әжесімен бірге спорттық жаттығудан үйлеріне қайтып келе жатқан. Жарықтандырылмаған жүргіншілер жолында 33 жастағы жүргізуші төртінші сынып оқушысын автокөлігімен қағып, оқиға болған жерден қашып кетті. Кейін оны полицейлер ұстады.
Мария Драчева