Кепілге алынған жерден көшірілген үйдің тұрғындарына арналған жылжымалы жылыту пункті құрылды
Оралдағы жұбайын кепілдікке алған ер адам әлі де полицияға берілген жоқ және әйелді ұстап отыр. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар үшін ТЖ жылжымалы жылыту пункті ұйымдастырылды.

ТЖ Департаменті нотариустың кеңсесі орналасқан үйден көшірілген тұрғындар жылыну үшін жылытқыш орнатылған будкасы бар автокөлік әкелді. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, егер тұтқынды таңертеңге дейін босатпаса,көшірілгендерді орналастыру үшін жақын маңдағы мектептің спорт залы дайындалып жатыр.
Оқиға орын алған көп пәтерлі 4 қабатты үйде полиция операциясын жүргізу кезінде электр қуаты, газ және су өшірілді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 28 қарашада Орал қаласында «Жазира» аялдамасы маңында ер адам нотариус болып жасайтын жұбайын, өз кеңсесінде кепілдікке алды. Полиция мәліметтеріне сәйкес, ер адам гранатаға ұқсас затпен және пышақпен қорқытып отыр.