Оқиға орнына инкассатор машинасы келді. Ер адам бұрын өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
Өз-өзімді өлтіремін деп, жұбайын кепілдікке алған ер адам,осылай жолдасын ажырасудан айнытуға тырысқан. Бұл туралы-құпиялылық жағдайында полицияның бір қызметкері баяндады .
— Бұл Отбасылық жұп менің учаскемде тұрды. Оның бірнеше рет отбасылық жанжалға байланысты полиция шақырғаны есімде. Бір кездері ол күйеуінен бөлек тұрмақ та болды,бірақ ол қайта оралмаса, өз-өзіме қол саламын деп Уатсаптан хабарлама да жіберді. Сендіру үшін оған қан аққан жуынатын бөлемедегі суреттерін де жіберді. Жұбайы полицияға қоңырау шалып,біздерге пәтер есігін бұзып ашуға тура келді. Оқиға орнында анықталғандай, өзіне-өзі қол жұмсауға ешқандай әрекет жасалған жоқ. Ол тек жуынатын бөлмеге қызыл бояу құйған. Бұл жолы ол тағы да оны кепілдікке алып, концерт қоюды шешкен болар. Менің ақпаратым бойынша, ол бүгін кеңсеге кіріп, оның мазасын алған. Олар жеке бөлмеге кіргенде, ол есікті іштен жауып алып, оны шығармаған.Әйел адам жасырын бөлмеден полицияға қоңырау шалған, – деді дереккөз.
Ер адамның талап етуі бойынша полиция нотариус Исламғалиевның кеңсесіне шампан және кәмпит қорабын жеткізді.Сондай-ақ оқиға орнына инкассация машинасы келді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 28 қарашада шамамен сағат 13:00-де полицияға белгісіз ер адам нотариус Иралия Исламғалиеваны кепілдікке алған деген хабар түсті. Кейін полиция нотариусты кепілдікте ұстап отырған ер адам оның заңды жұбайы екенін және қазіргі уақытта олардың арасында неке бұзу процесі жүріп жатқанын ресми түрде растады.