Полиция қызметкерлері әйел адамды кепілдікте ұстап отырған кеңсеге шампан мен кәмпит кіргізді

Полиция қызметкерлері күйеуі кепілдікте ұстап отырған нотариус кеңсесіне шампан мен кәмпиттерді кіргізді. Оқиға орнында біздің тілшіміз Лұқпан Ахмедьяров бар.
Естеріңізге сала кетейік, Бүгін Оралда сағат 13:10 шамасында Жәңгір хан көшесі, 13 мекен-жайында нотариус кеңсесінде ер адам есікті жауып, әйелді ұстап отырғандығы туралы хабар келіп түскен. Кейін, ол өз жұбайын гранатамен жарам деп қорқытып, ұстап отырғандығы белгілі болды.

