Кепілге алынған Ираида Исламғалиева: «Бүкіл алты сағат бойына ол мені қалай өлтіретінін айтумен болды»

28 қарашада өз күйеуі кепілдікке алған Орал қаласының тұрғыны, «Орал апталығына» берген эксклюзивті сұхбатында босатылғаннан кейін де өзін қауіпсіз сезінбейтінін айтты.

Ираида мен Ерланның тойдағы фотосуреті, 29 Тамыз, 2017 ЖЫЛ

Ираида Сүйінбаева ауруханадан шыққаннан кейін «Орал апталығының» тілшісімен кездесуге келісті. Әйел суретке және бейнеге түсірмеуді сұрады. Оның бетінде және қолында әлі күнге дейін көгерген соққының іздері бар. Оның мойнында күйеуі өлтірмек болып салған пышақтың ізі қалған.

Ираида алған жарақаттарына байланысты тек осындай суретке келісті. Фото Артем Букреевтікі.

– Біз 29 тамызда тіркелдік, ал зорлық-зомбылық 1 қыркүйектен басталды. Үйлену тойынан кейін. Ол шын мәнінде қандай екенін көрсетті және ол екі жыл бойы жалғасуда. Мен екі жылдан бері ажырасуға тырысудамын, бірақ нәтижесіз. Ол мені, менің өмірімді бақылауында ұстауда. Ол екі жыл бойы менің балаларымды өлтіремін деп қорқытып, ұстап келді. Және бұл бір рет емес, күн сайын еді. Мен балаларымның бетіне қарай алмай қалдым. Ол менің ата-анама шабуыл жасауға тырысты. Міне, осының бәрін айтып… мен шағымданбақ болдым ғой…

– Сіздің шағымдарыңызға полиция қалай жауап берді?

– Жоқ, сіздер көріп отырсыздар ғой, бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық және мен осындай жағдайда жалғыз емеспін деп түсінемін. Айқайлайсың, ешкім сені естімейді.

Сіз білесіз бе, ол есеппен жүретін, алды-артын ойластыратын, мұқият адам, адамдар арасында ол мүлдем басқа. Тіпті менің көршілерім де– «Біз оны мүлдем, мұндай адам, деп ойлаған жоқпыз»дейді.

— Мен дұрыс түсіндім бе?– Адамдар мен үй ішінде екі түрлі мінез-құлық болды ма?

– Ия! Оның әріптестері, көршілеріміз, таныстарымыз, егер сіз ол туралы сұрасаңыз, бәрі керемет адам дейді. Бөтен адамдармен ол сыпайы, сүйкімді болуы мүмкін. Ал үйде ол, тіпті менің мектепте оқитын кіші ұлыма көңіл бөлуге тыйым салды. Ұлыма көңіл бөлгенімді білсе, ол оны өлтіремін деп қорқытты. Бұл туралы көршілерімізге айтыңыз – мүлдем сенбейді.

— Ол сізге және ұлыңызға қауіп-қатер төндіріп, айқайлайтын ба еді?

— Жо-оқ! Ол осының бәрін қалай істейтінін,егжей – тегжейлі айтып беретін. Айтқанда да сендіріп айтатын. Мен бұл туралы айтып, шағымдандым, бірақ маған ешкім сенбеді. Мен тырыстым, бірақ оны тоқтата алмадым. Ол мені ешкім қорғай алмайтынын жақсы білді, ол былай дейтін: «Кемпір мен шал маған кедергі емес, сен ешқайда кетпейсің» («Бұл кәрілер маған кедергі емес» — Ираиданың ата – анасы.ред.ескерт). Мен шынымен де ешқайда бара алмадым. Барлығы менен сұрайды: «Неге бұл жағдайды создыңыз?». Мен созбадым. Мен екі жыл бойы ажырасамын деп айқайлаумен келдім. Ол безбүйрек, ол кісі өлтіруші. Мені ешкім естімеді. Бәрі айтады…бұл сезім, ол соншалықты сені жақсы көреді, деп Бірақ бұл сезім емес, қорлау. Бұл жазасыздық. 28 қарашада болған нәрсе-бұл екі жыл бойы оны ешкім тоқтата алмағандықтан. Менде соттың шығарған бірнеше қорғаныс нұсқамалары болды, ол оған күліп қарайтын.

— Не себепті? Сонда осы қорғау нұсқамасы бойынша учаскелік полицей жұмыстанбады ма? Олардың қалай орындалғанын тексермеді ме.

— Жо-оқ! Учаскелік полицей қолынан келгенін істеді. Ол келді. Ерланды тауып алып, қол да қойдырды. Бірақ ол тоқтаған жоқ. Мен тіпті, «КМС» күзетін де жалдадым. Олар менімен барлық жерде жүрді. Білесіз бе, 23 әлде 24-і ме, есімде жоқ, ол оларға келіп: «Жігіттер оны күзетпеңіздер. Сіздер оған бәрібір көмектесе алмайсыздар. Бұл пайдасыз»деген. Және ол не туралы айтып тұрғанын білген. Өйткені 28-і күні ол кеңсеге кіріп, жасағысы келгеннің бәрін жасады.

– Ал сіз күзетті кеңсеге ме, әлде өзіңіз үшін жалға алдыңыз ба?

– Өзім үшін.

– Яғни, сіздің жанында әрқашан күзетшілер болды?

— Иә.

– Ал 28 қарашада сізбен бірге күзет болды ма?

– Иә, бір күзетші болды.

— Егер ол болса, күйеуіңіз сізге шабуыл жасаған кезде ол не істеді?

— Қалай айтсам екен? Ерлан ол физикалық күшті, жылдам, мықты дайындалған. Түсінесіз бе, адам үнемі соғысқа дайындалуда. Ол үнемі ертең бізге қытайлықтар шабуыл жасайды, әрқашан дайын болу керектігін айтатын. Бұл әзілсіз. Ол өзін соғысқа толық дайындады. Ол өте дайындалған адам.

— Физикалық тұрғыда дайындалған ба?

— Иә. Және барлық жағынан да. Адам ішпейді, темекі тартпайды. Витаминдер жейді. Оның күші көп. Бәрі өте тез болды, Ол мған жетіп келіп, тамағыма пышақ тақап, граната шығарды. Күзетшіге шығып, есікті жап деді. Бір жағынан, бәрі осылай болғаны да жақсы болды. Өйткені егер Ерлан келгенде, күзетші болмаса,онда ол мені бірнеше рет алып кеткендей, алып кетер еді. Мұның біреуі де болмас еді, айқай-шу, полиция т.б. Барлығы бұрынғыдай жалғасар еді. Мен оның қорлығы туралы айтып, әлі күнге дейін маған ешкім сенбес еді.

— Ол мені алып кетер еді деп, сіз нені айтасыз? Бұл қалай болады? Ол жай ғана қолыңыздан ұстап, алып кететін бе еді?

— Иә, дұрыс айтасыз. Ол мені креслодан жұлып алып, машинаға лақтырып, қолымды байлап алып кетеді. Әдетте осылай болатын.

— Сіз ол садист деп айттыңыз. Яғни ол сізді бірнеше рет ұрған. Мұндай жағдайларда сіз не істедіңіз? Полицияға қоңырау шалдыңыз ба?

— Мен оны тоқтатуға тырыстым. Әсіресе, мен мұны 2018 жылы көп

жасадым. Мен полицияға жүгіндім, арыз жаздым. Бірақ… барлығы әрдайым айыппұлмен, ескертумен, тағы бір айыппұлмен, полициядағы алдын алу әңгімелерімен аяқталды. Ол оған қорықпады. Заң бойынша менің қорғансыз,өзінің жазасыз екенін жақсы білді.Полицейлерге әркез «Мен оны жақсы көремін, онсыз өмір сүре алмаймын», – депті ол. Мен бұл ерлердің ынтымақтастығы деп білемін, полицияда маған – «Ол сізді жақсы көреді. Барлығы осыдан басталады.Бұған неістей аламыз? Ол сізді осылай жақсы көреді» дейтін. Түсінесіз бе? Олар… Қалай түсіндірсем екен? Бұл махаббат емес. Бұл құлдық емес пе? Менің айтарға сөзім жоқ. Лұқпан, мен екі жыл бойы онымен ажырасуға тырыстым, оны тоқтатуға тырыстым. Бірақ оны ажырасу тоқтатпайды. Ешқандай тоқтайды. Ол өте мұқият. Ол ешқашан ойластырылмаған қадамдар жасамайды. Ол мені кепілдікке алған кезде, ол бәрін жақсы түсінді. Сол кештің соңғы екі сағаты есімде дұрыс сақталмаған. Ол мені босатқан кезде, бәрін қолыма ұстатты – граната, тапанша,пышақты сосын мені есіктен итеріп жіберді. Неліктен? өйткені ол бұл 261 бапты мұқият оқып шықты (қазір Ерлан Исламғалиевке ҚР ҚК – нің 261-бабы бойынша «адамды кепілге алу және ұстау» деген айып тағылып отыр.ред.ескет.). Ол осы бап бойынша кепілгер ерікті түрде босатылған жағдайда ең жоғарғы жаза болмайтынын жақсы білді. Маған сеніңіз, ол бәрін жақсы түсініп, оған дайындалды. Мені босатар алдында ол маған «Мен шығып, сені алып, алысқа, басқа елге барамыз, сені ешкім таба алмайтын» деді. Тіпті оны отырғызса да, ол мені табады. Ол мені ешқашан тыныштықта қалдырмайды. Ол ешқашан тоқтамайды.

Сол күні ол маған кеңсеге келген кезде, мен шықпайтынымды түсіндім.Ол мені тірі қалдырмайды деп ойладым. Өйткені, егер ол шешім қабылдаса, оған жетпе қоймайды. Мен сол уақытта солай ойладым. Бірақ уақыт өткен соң, ол мені босатпақ болғанда (ол айтпақшы, барлық уақытта мені тереземен екі ортада ұстап тұрды, себебі ол атқыш мерген атып тастайды деп қорықты), ол мені босатқан жағдайда прокурордан оған не болатынын сұрауды бұйырады. Оған Қылмыстық кодекс пен басқа да кодекстер беруді талап етті. Содан кейін ол қайтадан интернетті қосуды бұйырды. Интернет пайда болған кезде, ол барлық осы заңдарды оқи бастады.Ол менің кеңсеме келгенде, мені ұстап тұрып, сен үшін келдім,сенсіз өмір сүре алмаймын, басқа амалым жоқ, өзім де өлем, сені де бірге ала кетемін деді. Бірақ мен, Лұқпан, тағы да қайталаймын-онда ешқандай махаббат болған жоқ. Бұл тек ессіздік.

— Ол бұрын сізді өз-өзімді өлтіремін деп, қорқытқаны рас па?

– Бірнеше рет. Бұл қойылым емес еді. Сізге бір полиция қызметкері мені қорқытпақ болып, өз-өзімді өлтірдім деп, жуынатын бөлмеге бояу да құйып қойды деген екен. Бұл шынында да қан болатын. Ол ешқашан ештеңе сахналаған жоқ. Ол бәрін шынымен жасады. Бірақ қан қандай екенін білесіз бе? Ол дәрігер ғой. Ол тамырдан қан ағызды. Бұл жағдай өткен жылы онымен тағы бір рет ажырасуға тырысқанымда болды. Мен одан жасырына алмадым. Ол мені осы қанмен ұстап алды. Сол кезде мен шынымен қорықтым, менің келгенше өліп қалады деп ойладым. Сосын полиция қызметкерлері бұл істі тез жапты да, ол оңай құтылып кетті. Содан кейін ол бірнеше рет уланып өлмек болды. Екі рет жедел жәрдем келіп, бір рет ауруханаға өзім апардым. Өйткені мен оған келген кезде ол өмір белгілерінсіз болды – рефлекстер жоқ еді – жұтына алмады, қарашықтар жарыққа жауап бермеді, жүрек соғысы болмады.Өйткені ол бірден 50 дана фенозипам ішкен екен, маған егер сен менімен бірге болмасаң, онда өмір сүрудің мағынасы жоқ, деді. Мен оны осылай үш рет алып шықтым. Әрдайым осылай болатын. Мен қасында болған кезде, ол үнемі менің балаларым мен ата-анамды өлтіремін деп қорқытты. Мен кетіп қалсам, ол өзін өлтіруге тырысты. Бұл жолы ол кіріп келіп, өз-өзін атуға, асылуға т.б. тырысқанын айтты. Ол қандай да бір балгерлерге барып, маған дуа салдырттым деді. Бұл дені дұрыс адамның сөзі емес. Бұл ауру, түсінесіз бе?

— Ираида, екеуіңіз жүріп жүрген кезде, секем алатын мұндай белгілер болған жоқ па?

– Сіз сол кезде мені бір жағдай қауіптендірді – біз жарты жыл таныс болдық және осы жарты жыл бойына ол мені АХАЖ-ға барып, тіркелуге көндірумен болды. Мен бас тартумен болдым. Менің екі балам бар, тіпті той жайлы ойлауға мүмкін болмады. Міне, осындай әңгіме кезінде ол еңіреп жылады. Бар дауысымен.Қатты жылады. Ол шарасыздықтан жылады. Ол менің алдымда тізерлеп тұрып, еңіреп жылады. Сол кезде менің күдіктеніп,қарым-қатынасты тоқтауым керек еді. Ол сол кезде жылап тұрып,маған ешкім керек емес, сенің қолыңда өлем деген еді. Мен сол кезде оның қандай адам екенін білмеппін. Содан кейін менің ұлым университетке түсті, сол кезеңде менде жақсы көңіл-күй болды.. шілде айының соңында біз АХАЖ-ға барып, өтініш бердік. Және 29 тамызда біз тіркелдік, ал 1-ші қыркүйекте ол бірінші рет мені пәтерге қамап кетті. Төрт күн бойы мені шығарған жоқ. Ол мені ұзақ уақыт тұрмысқа шығуымды сұрағанын еске алды,менің бірнеше рет бас тартқанымды. Жалпы, бұл мүлдем басқа, маған бейтаныс адам болды.

— Ол сізді не үшін қамап ұстады? Ол сізді қызғанды ма? Бұл әрекеттің мағынасы қандай?

– Ешқандай мағынасы жоқ, Лұқпан. Онда ол жоқ. Мен бұрын да оның іс-әрекеттерінде мағынаны іздеуге тырыстым, қалай болғанда да оларға логикалық түсініктеме табуға тырыстым. Содан кейін мұны істеу керек емес екенін түсіндім. Мен жасаған жалғыз нәрсе-ол менің балаларыма зиян келтірмеуді қадағаладым. Мен одан қаншама рет сұрадым, – балаларыма үнемі қауіп төндіре отырып, мені өзіңмен бірге қалай ұстап тұрасың? Бірақ… содан кейін мен ақыл-ой мен логикаға қатысты қателік жасағанымды түсіндім.

Содан кейін мен күзетшілеріме – » Жігіттер сіз оны бағаламайсыз. Ол сіздермен төбелеспейді. Ол бір нәрсемен келеді»дедім. Бірақ олар маған: «Ираида, сен уайымдама. Сен сенімді күзеттесің»,деп жауап берді Міне, 28-і күні мен ойладым-жақсы, ол маған бірдеңе жасасын, әйтеуір ұзақ уақытқа отырады ғой деп.

— Егер сіз күзет фирмасына төлесеңіз …

– Жоқ, Мен жігіттерді де түсінемін-онда басқа жол болмады. Мен оның бәрін алдын-ала ойластырып қойғанын айтамын, оның талаптарын орындау үшін қалай әрекет ету керектігін. Ол ең аз шығындармен шығу үшін не істеу керектігін жақсы түсінді. Ол өткен жылы маған шолақ мылтықпен келді. Тіркелмеген атыс қаруымен, төрт патронымен. Сол кезде мен одан, өз ата-анамнан кетіп қалдым. Ол келер уақытты біліп, өлтіруге келді. Мен полиция шақырып үлгердім. Учаскелік полицей келіп, оны шолақ мылтықпен тұтқындады.

— Егер оны шолақ мылтықпен тұтқындаса, неге қылмыстық іс жоқ?

– Лұқпан, мен сізге тағы да айтамын – ол ақылды адам. Ол сен мен менен ақылды емес, бірақ ол бәрін есептейді. Яғни, полиция қызметкерлері келгенге дейін ол шолақ мылтықпен қорқытып, бізді өлтіруге келгенін айтты. Ал полиция келгенде, ол оны полицейлер өз камераларына түсіретінін біліп, ол түнде бір адамдарды апарғанын, Желаев тас жолына тоқтағанда, кесілген осы мылтықты тауып алдым деп айтты. «Мен бұл мылтықты машинаға салып, оны полицияға тапсыруға әкеле жатырмын, жолда әйеліммен татуласамын деп жүріп, ұмытып кетіппін», — деді ол. Ол мені өлтіруге келді деп айқайладым. Бірақ жағынан, мен кінәмшіл әйелдей көріндім, ал ол әбден қисынды нәрселерді айтып тұрғандай.

– Бәрі немен аяқталды?

— Айыппұл.

– Полицияда бұрын ол қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығын хабарлады.

– Бірнеше рет. Мен бұл туралы полицияға алғаш рет өтініш жазуға барғанымда білдім. Сонда мен, оның тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін бірнеше рет тартылғанын оқыдым. Ол өте жас болған кезде тіпті суреттер болды. Яғни менімен танысудан бұрын.

— Мен сізге дейін, оның басқа әйелмен қарым-қатынас болғанын дұрыс түсіндім бе?

— Мен оның үшінші жұбайыммын. Біріншісімен ол бір жылға жуық өмір сүрді. Екіншімен екі айдай. Міне, мен үшіншісімін. Ал қанша азаматтық некеде әйелі болды, тіпті білмеймін.

— Олардың біреуі болмаса, біреуі үй зорлық-зомбылығынан полицияға жүгінген бе?

— Мен білмеймін. Мен оның бұрынғы әйелдерін де, тойға дейін оның туған-туысқандарынан да ешкімді білмедім. Ата-анасын да, ағасын да, апасын да. Мен тойға дейін одан қаншама рет сұрадым – неге мені отбасыңмен таныстырмайсың? Ол маған: «Алаңдама. Сен оларды тойда көресің. Онда мақтанарлық ештеңе жоқ», жауап берді

Түсінесіз бе, бұл адам. Ол жалғыз. Оның айналасында және оның өмірінде жақсы ешкім жоқ.Айнала бәрі жау, қазір қытайлар шабуыл жасайды. Ол бәрінен секем алады. Тіпті менің балаларым оған жау. Менің кіші ұлым 10 жаста. Міне, осы адам бала оған қарсы қастандық жасайды деп ойлайды. Сіз елестетесіз. Менің ұлым оның суретін көрген кезде қорқады.

— Ол оны ұрды ма?

— Жоқ. Бірақ ол оны қорқытты. Қайталаймын-ол адамдарды өте шебер басқарады. Ол адамдарды қорқытуды, қорқынышты оятуды біледі.

— Ал оның туыстарының арасында ол үшін беделді адамдар бар ма?

— Бірде-бір.

– Полиция бізге оның ағасын келіссөздер үшін тартқанын айтты.

— Бұл пайдасыз! Ол ағасын әкелгенін білгенде күлді. Бұл мүлдем артық болды. Менің ойымша, полицейлер уақытты созды. Алғашқы үш сағат бойы ол аласұрумен болды. Ол кескілеп, бәрін қиратты. Бірақ ол бәрін түсінді және бұл суық есеп болды. Мен сізге айтамын – ол адамды қорқытып, оған не істету керектігін біледі. Ол дәл сол кезде маған пышақ салды, содан кейін полиция оның ішіп алып әйеліне келмеген адам екенін түсінді.

– Ол полиция қызметкерінің көзінше аяғыңызға пышақ салды ма?

— Ол терезеге қарап, келіссөздер жүргізген кезде.

— Ал алғашқы үш сағаттан кейін ол тыныштанды ма?

– Жоқ, ол жай ғана дайындала бастады. Мені қалай өлтіретінін айтумен болды, пышақты мойныма тақап, кезенумен болды. Шабуыл бастағанда пышақты қай жеріме салады, ол неге бірден өлтіреді, сондайларды айтып тұрды. Ол басынан бастап барлығын бақылауда ұстады. Ол ешқандай шулы грант, газ болмасын деді. Ол бәрін бақылап тұрды.

Егер оны біреу екі жыл ішінде тоқтатса ғой. Қазір мені осы екі жыл ішінде оны ешкім жеңе алмағандығы таң қалдырады. Сол қорқынышты күннен мен есімде оның сөздері қалды – » Егер мен отырсам да, ерте ме, кеш пе шығамын. Сен қайда болсаң да. Мен сені тауып аламын. Біз басқа қалаға кетеміз. Әрқашан есіңде сақта». Ерланды біле отырып, Лұқпан сізге айта аламын, ол мұны жасайды. Мен бұл соңы емес екенін білемін.

Мен бұл туралы басқаларға айтқанымда, бәрі күлді. Бұл деген махаббат деп. Сондықтан мен қазір тағы қайталаймын, оны тұтқындағанмен – бұл соңы емес.

— Сіз адамдарға айтқанымда,ешкім сенбеді деп, кімдерді айтасыз? Бұл полиция ма? Бұл айналаңыздағы адамдар ма? Сіздің достарыңыз ба? Туғандарыңыз ба?

— Мен саусақпен көрсетпеймін. Мен полицияға жүгінгенде одан қорықпайтынын түсіндім. Ол жазасыз қалатынын білді. Содан кейін ол өте ақылды. Біз жарты жыл тойға дейін кездескен кезде ол мені таң қалдырды. Ол сондай – ақ адамдарға әсер етеді-әзілдейді, күледі, сезеді, өзіне тарта алады.

Мен онымен өмір сүруге тырыстым. Оған үйге қонақ шақырайық дедім. Ол ешқашан үйіне қонақ шақырмаған. Ол келісті. Бірақ… мұны қалай түсіндіруге болады, ол барлық қонақтармен сыпайы, бірақ ешкімге жақындамайды. Жанымен ол бәрін жек көреді. Туыстарын, достарын, ортасын. Айналасының бәрі оған жау. Ол полицейлерден екі оқ-дәрілік тапанша талап еткен кезде, мен одан сұрадым – «Не үшін екі оқ-дәрісімен тапанша саған?»деп. Ол маған: «Мен сені өлтіремін, ал мені өлтірмес бұрын мыналарды да ала кетемін. Мен батыр ретінде кетемін. Мен Қазақстанда батыр боламын. Мен сені кепілдікке алғаным үшін еске алады деп ойлайсың ба. Мені менттерді өлтірген батыр ретінде есте сақтайды».

Бір сәтте ол маған, мені алып кеткісі келсе, онда адамсыз жерде мұны жасайтын едім деді. «Ал мұнда, онда олар шабуылдамайтын болады. Мұнда қанша адам бар». Мен оның полицияның әрбір қадамын болжағанына таңдандым.

— Оған оқтарымен тапанша берілді ме?

– Оғы жоғын берді. Олар уақыт созумен болды ғой. Ол полициямен саудаласты. «Оны шығар, мен өзім барамын»,»Пышақты лақтыр, мен оғын беремін». Олар оған тапаншаны пышақпен алмастырды. Ол пышақты берді, ал олар екінші пышақтың бар екенін білмеген. Ол ашуланумен болды. Маған: «Олар менімен ақымақпен сөйлескендей сөйлеседі. Мен олардың уақыт созатынын түсінемін, бірақ неге олар менімен баламен сөйлескендей сөйлеседі?». Білесіз бе… бұл оны бағаламағандықтан. Ол шын мәнісінде, оны бағаламағаны үшін әлемге өкпелі. Өмір, ортасы, басшылық, туыстары, мен ақыр соңында. Оның айтуынша, ол кем дегенде әкім деңгейінде қызмет атқаруы тиіс еді.

– Сіздің мысалыңыздан көріп отырғандай, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын мемлекеттік қорғау жүйесі өте тиімді емес. Сіз не тиімсіз деп ойлайсыз ба?

– Қорғау ұйғарымдары. Менде бірнеше қорғаныс нұсқамалары болды. Бірақ учаскелік полицей біреу учаскіде. Мен сияқты бірнеше болуы мүмкін. Ол менімен бірге отырып немесе Ерланның артынан бағып жүре алмайды. Иә, Ерлан бәрін жақсы түсінді. Ол осы нұсқамаларға күлді. Ол маған: «Білесің бе, заң бойынша мен осы қорғау нұсқамасын үш рет бұзуым керек. Және тек бұзу ғана емес, сен мұны әлі де бекітуің керек. Өз ұялы телефоныңа түсіріп, куәгерлерді табуың керек. Ал учаскелік полиция мұны әлі дәлелдеу керек». Ең өкінішті не екенін білесіз бе? Тіпті учаскелік полиция ұйғарымды бұзғаны үшін Ерланды ұстап алса да, оған тек айыппұл салынады. Айыппұл! Қамау емес, қылмыстық іс емес. Тек әкімшілік айыппұл ғана! Және барлығы!

-Бізге редакцияға кейде, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер жиі хабарласады. Бірақ,кейін өздері жазбауымызды,жария етпеуімізді сұрайды. Сіз, осы оқиғадан соң, мұндай әйелдерге қандай кеңес бере аласыз ба?

— Әрине, оны жария ету керек. Үнсіз қалуға болмайды.

Сұхбаттасқан Лұқпан АХМЕДЬЯРОВ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-29
Утром1.29 ℃
Днем9.5 ℃
Вечером8.28 ℃
Ночью4.57 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.74 м/с
2025-04-30
Утром4.99 ℃
Днем13.53 ℃
Вечером13.91 ℃
Ночью10.16 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.83 м/с