Қазақстанда жаңа жыл бензин қымбаттауынан басталуы мүмкін
Қазақстанда жаңа жыл бензиннің қымбаттауынан басталуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үкімет бензиннің литрінің құнына қосымша акциз бойынша 10 теңге қосылатын қаулы әзірлеуде. Алайда, Ұлттық экономика министрлігінде қымбаттау тарифтер мен азық-түлік бағаларының қымбаттауына әсер етпейтіндігіне сенімді.
Ал, Ұлттық банктің пікірінше, баға көрсеткіштері бәрібір өседі.