БҚО-дағы мектеп директоры пара сомасынан 30 есе көлемінде айыппұл төлейді
Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «№1 Подстепный орта мектебі» ММ директорына қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды NewTimes.kz » АА ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 қараша күні Теректі аудандық сотының үкімімен ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 9 млн теңге көлемінде айыппұл төлеп және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыру, жазасына тартылды.