Шенеуніктер алты жылда автокөлік сатып алу үшін жарты триллионан астам теңге жұмсаған
Жыл сайынғы шығындар шамамен 100 млрд теңгені құрайды,деп хабарлайды. Inbusiness.kz.
Автокөлік құралдарын сатып алуға мемлекеттің жыл сайынғы шығыстары жүз миллион теңге болып есептеледі. Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2016 жылы республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан автопаркті жаңартуға 97,3 млрд теңге жұмсалса,2017 жылы бұл көрсеткіш 160 млрд теңгеге жетті, ал 2018 жылы 123 млрд теңгеге дейін төмендеді. Айта кету керек, бұл шығындар мақаласы тек көлік құралдарын сатып алу жайлы, арнайы техника, медициналық құрал-жабдықтар мен шаруашылық құрал-жабдықтарды сатып алу жайында емес. Автокөліктерге жұмсалатын шығындар мемлекетке мектеп құрылысына жұмсалатын қаржыдан азғана айырмашылықта тұр. Естеріңізге сала кетейік, экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2018 жылы жалпы Қазақстанда 90 мектеп салынды. Бір мектеп құрылысының орташа құны 2 млрд теңгені құрайды. Өткен жылы бюджеттен автопаркті жаңартуға 123 млрд теңге жұмсалды, бұл 60 мектептің іске қосылуымен пара-пар.
Айта кету керек, деректер көрсеткендей, шығыстардың ең көп үлесі орталық мемлекеттік аппаратқа тиесілі. Республикалық бюджеттен жұмсалған қаражат жергілікті бюджет шығыстарына қарағанда үш-төрт есе жоғары. 2013 жылдан бастап алты жыл ішінде «көлік құралдарын сатып алу» бабы бойынша 650 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Ал, 1031 шақырымды құрайтын «Сарыарқа» газ құбырының құрылысына 267 млрд теңге кетті. Айта кетейік, Комстаттың мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда 98 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер бар. Олардың ішінде 453 саяси қызметкер, 285 шенеунік – «А» корпусының қызметшілері, 97 мың адам «Б»корпусының есебінде тұр. Сондай – ақ келесі бөлінулер байқалады: 52 мың қызметкер орталық аппаратта, 46 мың қызметкер жергілікті ауқымдағы мемлекеттік органдарда жұмыс істейді.
Майра Медеубаева