Қоғамдық тыңдаудың күні ауыстырылды

Орал қаласының әкімдігі Шаған өзені арқылы өтетін «Ақжайық»шағын ауданына көпір және жол салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдау күнін-6 желтоқсанға ауыстырды.

Бастапқыда осы жоба бойынша тыңдау 4 желтоқсанда «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі»МКҚК ғимаратында өтеді делінген болатын.Бүгін, 3 желтоқсан сейсенбіде қала әкімдігінің баспасөз қызметі қоғамдық тыңдаулар 6 желтоқсан күні сағат 17: 00-ге ауыстырылатынын хабарлады. Тыңдауларды өткізу орны бұрынғы — Темір Масин көшесі бойындағы «Шағала» қонақ үйіне қарама-қарсы «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі»болып қалады.

Қоғамдық тыңдау 4 желтоқсанда Алматыдан Орал қаласына жобалаушылардың келе алмағандығынан кейінге қалдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «БҚО Орал қаласындағы «А» тұрғын ауданы үшін Сдыков көшесінен бастап ТЖЖ-ға дейінгі көпір өткелімен автомобиль жолының құрылысы» жобасы бойынша тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру 6 қарашада қала әкімдігінің сайтында пайда болды.

Хабарландыру жол мен көпір құрылысының қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жобасы файлмен сүйемелденді. Онда Шаған жайылмасында 1500 ағаш кесіледі делінген еді. Бұл деректер биліктің жаңа жобада кесілген ағаштардың саны 700-ге дейін қысқаратыны туралы сөздерімен ерекшеленеді. Құжаттардың негізінде, жаңа жол шынымен де Сдыков көшесінен өтеді және саябақ аумағын қозғамайды.

Сол кезде сөз бен құжаттардағы айырмашылықты Айдар Менеев (бүгінгі таңда Орал қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы) түсіндірді.

— ҚОӘБ — да өткен нұсқамен салыстырғанда өзгерістер бар, алайда кесілген ағаштардың саны және жобаның басқа да нұсқалары 4 желтоқсанда өтетін қоғамдық тыңдауларда талқыланатын болады, — деп түсіндірді ол.

Сдыков көшесінен өтетін жолдың жаңа нобайы құжатта көрсетілмеген. Жобаның жаңа нұсқасындағы жалғыз сурет-Орал бөлігінің картасы. Онда ешқандай белгі жоқ.

Жолдың жалпы ұзындығы көпірмен бірге, құжатқа сәйкес, 4 километр 187 метрді құрайды. Жобада қоғамдық көлік үшін 8 аялдама қарастырылған.

Жұмысты 2020 жылдың соңында бастап, құрылысты екі жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-14
Утром-1.48 ℃
Днем1.23 ℃
Вечером1.55 ℃
Ночью-1.45 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра3.14 м/с
2026-03-15
Утром-4.83 ℃
Днем1.08 ℃
Вечером0.18 ℃
Ночью-2.46 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра3.72 м/с