Орал билігі Шаған арқылы өтетін көпір мен жол құрылысы бойынша жаңа қоғамдық тыңдаулар өткізеді
Осы жоба бойынша тыңдау 2019 жылы 4 желтоқсанда сағат 11:00-де Орал қаласы, Т. Масин көшесі, №48/1, МКҚК жоғары аграрлық-техникалық колледжінің ғимаратында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «А» тұрғын ауданы Сдыков көшесінен бастап ТЖЖ-ға дейінгі көпір өткелімен автомобиль жолының құрылысы» жобасы бойынша тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру 6 қарашада қала әкімдігінің сайтында пайда болды.
Хабарландыру жол мен көпір құрылысының қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жобасы бар файлмен сүйемелденді. Онда бір жарым мың ағаш кесіледі делінген. Бұл деректер биліктің жаңа жобада кесілген ағаштардың саны 700-ге дейін қысқаратыны туралы сөздерімен ерекшеленеді.Құжаттарды негізге ала отырып, жаңа жол Сдыков көшесінен өтеді және саябақ аумағын қозғамайды.
Сол кезде сөз бен құжаттардағы айырмашылықты Айдар Менеев (бүгінгі таңда Орал қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы) түсіндірді.
— ҚОӘБ — да өткен нұсқамен салыстырғанда өзгерістер бар, алайда кесілген ағаштардың саны және жобаның басқа да нұсқалары 4 желтоқсанда өтетін қоғамдық тыңдауларда талқыланатын болады, — деп түсіндірді ол.
Сдыков көшесінен өтетін жолдың жаңа нобайы құжатта көрсетілмеген. Жобаның жаңа нұсқасындағы жалғыз сурет-Орал бөлігінің картасы. Онда ешқандай белгі жоқ.
Жолдың жалпы ұзындығы көпірмен бірге, құжаттамаларға сүйене отырып, 4 километр 187 метрді құрайды. Жобада қоғамдық көлік үшін 8 аялдама қарастырылған.
Жұмыс 2020 жылдың соңында басталып, құрылысты екі жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.
