Оралда мүгедек ер адам аштық жариялады (БЕЙНЕ)
Бекболат Өтебаев 9 желтоқсан күні аштық жариялады. Таңертең сағат 9 – да ол қала әкімдігі алдындағы орталық алаңға жеке пикетке шықты.

Өтебаевтың плакатында: «Әлеуметтік әділдікті талап етемін»деп жазылған. Ер адам несиесін жабуға тырысуда.
— Мен несиені бірнеше рет алып, әрдайым уақытында төледім, тіпті алдын ала төледім. Соңғы кредиттердің бірін мен емделуге алдым, тағы біреуін қызымның оқуын төлеу үшін алдым. Ол үшінші курста оқиды, ал сол уақытта мен ол үшін оқ ақысын төлей алмадым, сондықтан қызыма тағы бір несие алуға тура келді. Менің егіз қыздарым бар, олардың бірі — мүгедек. Мен автокраншы болып жұмыс істедім, бірақ өткен жылдың тамыз айында ауыр түрдегі жаралы колитпен ауырып, қан кетумен шұғыл ауруханаға түстім, — дейді Бекболат Өтебаев.
Ер адамның айтуынша, ол жұмыс істеген кезде 200 мың теңге тапқан. Отбасын қамтамасыз ету үшін ақша жеткілікті болған.
— Ал емделу демалысында үш ай жаттым, маған жұмыс беруші ұйымым өз қалауыңмен жұмыстан шыққаның жақсы,әйтпесе мені денсаулығыма байланысты шығарамыз деді. Мен денсаулығымды түзегесін жұмысқа орналасармын деген үмітпен өзім жұмыстан кеттім. Бірақ мен жазыла алмадым, маған жұмысқа қабілетсіз деген анықтама берді. Менің қазір жұмыс істей алмаймын, зейнетақым 30 мың теңге. Тағы 30 мың теңге жәрдемақыны менің кіші қызым алады, ол бала кезінен мүгедек. Әйелім 36 мың теңге алады, еден жуушы болып жұмыс істейді. Осы ақшадан біз дәрі-дәрмек сатып алып, несие төлеуге, тамақтануға тиіспіз. Әлеуметтік көмекті бізге жыл бойы бермей келеді. Шенеуніктер бізге: «Сіздің қыздарыңызды оқуды тастап, жұмыс істеуге шықсын», ал маған: «Ауруыңды қой, жұмыс істеуге бар»дейді. Енді мен аштық жариялаймын, мен бір тәуліктен артық уақыт тамақ ішпедін, егер өлсем, онда осы жерде өлемін, – дейді Бекболат Өтебаев.Мен бірнеше рет еңбек және әлеуметтік қорғау департаментіне, АХАЖ-ге бардым, бірақ еш жерде маған, менің неге кредиттік берешектері өтелгендер тізіміне түспегенімді түсіндіре алмады.
Ер адамға ішкі саясат бөлімінің қызметкері Берік Таупов келді. Бекболат Өтебаевқа әкімшілік ғимаратына журналистермен бірге өтуді ұсынды, бірақ ол бас тартты.
— Міне, менің барлық қағаздарымды алып қараңыз, ал мен осы жерден қозғалмаймын, таңертеңнен кешке дейін тұрмын, – деді Өтебаев.
Мария Драчева
Бейне: Нұрлыбек Емранов