Оралда полиция көп балалы ананы қағып кетті — бір ай ішінде полицияның қатысуымен болған үшінші жол-көлік оқиғасы (БЕЙНЕ)

Қайғылы оқиға 7 желтоқсанға қараған түні Жәңгір хан көшесінде орын алды. Зардап шеккендерге жанармай құю станциясына дейін 15 метрдей қалғанда.

Полиция департаментінің хабарлауынша, ЖКО 7 желтоқсанға қараған түні орын алған.

— Медет Рахадилов, Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, «Ауди» көлігін басқара отырып, Жәңгірхан көшесінің бойымен оңтүстік бағытта № 7 Жарық тірегіне қарама-қарсы бағытта жол үстінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпей жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйел ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. 8-нен 9-шы желтоқсанға қараған түні әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды, – деп хабарлады полиция департаменті.

Күйеуі мен әйелі Зашаған ауданына қонақтықтан үйлеріне қайтып келе жатқан. Олардың «Шивролле» автокөлігінде бензин таусылып, жанармай құю станциясына дейін күйеуіне «апатты жарықты» қосып, көлікті итеруге тура келді, әйелі сол кезде жүргізуші орнында болған. Түнгі сағат үштерде, май құю станциясына дейін 15 метрдей қалды, сол кезде үлкен жылдамдықпен «Ауди» маркалы автокөлігі келіп соққан.

Зардап шеккендердің туысының айтуынша, жүргізуші ЖКО кезінде қатты мас болған.

Сондай-ақ, полиция департаментінде оқиға болған түні «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бүгінгі күні Медет Рахадиловке қатысты шешім қабылданып, оны қамауда ұстау мәселесі қаралуда.

– Учаскелік полиция медициналық куәландырудан бас тартты. Куәландырудан бас тартуға оның заңнамаға сәйкес құқығы бар, бірақ бұл үшін жауапты болады, себебі бұл факт бойынша да бап қарастырылған .ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігі «Белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы Ішкі істер органдары (полиция), әскери полиция қызметкерінің заңды талабын орындамау», сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 1-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын жүргізуі». Рахадилов 30 қарашадан бастап кезекті еңбек демалысында жүр, — деді ДП баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, полиция депртаментінде аталған факті бойынша учаскелік полицейдің кінәсі қаралып жатыр, бірақ сот соңғы баға береді. Бұл туралы айыпталушының мас, не сау екенін полицияда растаған жоқ, жоққа да шығармады.

– Тергеу мүддесінде біз егжей — тегжейлі ештеңе айта алмаймыз, – деп хабарлады полициядан.

«ОА» редакциясына зардап шеккендердің туысы қаза тапқан әйелдің күйеуі түсірген бейнені жіберді, онда мас учаскелік полиция кінәлімін деп айтуда.

Қайтыс болған әйел 29 жаста болған, ал күйеуі 40-та, отағасы енді кішісі 2 жаста,ал үлкені 11 жастағы, төрт баланы өзі өсіретін болады.

Өткен айда-бұл полицейлердің қатысуымен болған үшінші апат. 19 қараша күні полиция қызметкері патрульдік автокөлікпен жас қызды жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен еді, қыз әлі күнге дейін ессіз жатыр. Тасқала ауданында орын алған екінші оқиғада да полиция қызметкері адам қағып кетті, ол адам да есін жиған жоқ.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-21
Утром5.07 ℃
Днем9.25 ℃
Вечером10.84 ℃
Ночью7.56 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра9.67 м/с
2022-05-22
Утром4.82 ℃
Днем12.53 ℃
Вечером8.45 ℃
Ночью7.98 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.49 м/с