Оралдағы бейбіт митинг. Қалай өтті және оны өтуіне кім кедергі жасауға тырысты? Толығырақ айтамыз.

Жеті жылда алғаш рет Оралда бейбіт митингке рұқсат берілді, ол 8 желтоқсанда қаланың шет ауданындағы «Чернобылшылар» алаңыда өтті.

Ауданның қашықтығына қарамастан іс-шараға 80-ге жуық адам қатысты, бірақ қала тұрғындарының саябаққа келуі, 40 минуттан кейін 100 адамға толды. Бір жарым сағаттан кейін қатысушылар сирей бастады, бірақ осы сәтте митингтің күн тәртібіндегі барлық мәселелер жарияланды және импровизацияланған сахнада сөз сөйлегісі келгендер шыға бастады.

– Біз 28 қарашада митинг өткізуге рұқсат беру туралы өтініш бердік, ал бес күннен кейін оң жауап алған кезде, оны дайындауға уақыт аз болды, бірақ менің ойымша, біз жеңдік, — дейді митингті ұйымдастырушы Мақсат Айсаутов.

Мақсат Айсауытовтың айтуынша, оған қала әкімдігінің бастамашыл тобы да біздің тұрғындар осындай іс-шараларға дайын емес деп айтқан болатын.

— Маған адамдар митингке дайын емес деп айтты, ал мен дайын деп жауап бердім, әсіресе біз әрбір әлеуметтік мәселелерді көтереміз, — деді Мақсат Айсауытов.

Митингте 4 әлеуметтік тақырып ұсынылды.

1) ЖЖМ бағасын көтеру

2) Азық-түлік бағасының тұрақты өсуі

3) полиция қызметкерлерінің азаматтарға қатысты заңсыз әрекеттері

4) Сыбайлас жемқорлықтың өсуі туралы мәселелер

Митингте қатысқан көптеген адамдар алдымен сақтана жан-жақтарына қарап шықты. Содан кейін бейбіт акцияға қатысушылардың плакаттарындағы жазуларды оқыды, пікірталастарға қатысып, сөз сөйлеушілерді қолдады.

Акцияға қатысушылар «Шындық үшін емес, зорлық — зомбылық үшін отырғызу», «Stop corruption», «Әділ емес төрешілер-жауапқа», «Әлеуметтік әділдікті талап етем» деген жазуы бар плакаттар мен транспаранттар шығарды.

Бейбіт акция басталғаннан кейін 10 немесе 15 минуттан кейін іс-шараға қара бетперде киген жастар қосылды, олар қазіргі Президенттің реформаларын қолдаймыз деп жазылған плакаттарды шығарды. Жігіттерді байқамау қиын болды, олардың маскалары көзге түсті, ал суық көзқарас адамдарды алаңдатты.

Митингте қатысушылар жігіттерге тіке сұрақ қойды: «Сіздер арандатушылар емессіздер ме?» жастар плакаттарын бүктеп, біреуі бетпердесін түсірді, олар біраз уақыт күліп тұрып, бірде-бір сұраққа жауап бермеді, содан кейін көру аумағынан кетті.

— Әрине, бұлар арандатушылар немесе «титушки» деп аталады, олар кедергі жасауға тырысты. Олардың плакаты митинг тақырыбы бойынша емес, сахнаның жанындағы адамдардың артынан тұруға тырысты, бұлар журналистер емес, оларды фотоға түсіргеннен кейін олар басқа жаққа қарай кетті, – деді белсенді, бастамашыл топтың мүшесі Эрик Жұматаев.

«Кедергілер» туралы айтатын болсақ, митинг кезінде іс-шараның ортасында қатысушылар сөйлеген кезде микрофоннан дыбыс жоғалып немесе кенеттен бірнеше секундтан,екі рет музыка ойнай бастағанын айту керек.

Митингті ұйымдастырушылар «дыбыстаушыдан» не болып жатқанын сұрады? Ол әкімдік өкілдеріне көрсетіп, «Мен не істей аламын, маған қоңырау шалды» деді, үш минуттық сөйлесуден кейін микрофон қайтадан дыбысқа қосылды. Бірақ мұндай әңгіме төрт рет болды.

Сонымен қатар, бейбіт митингті ұйымдастырушы Мақсат Айсауытов, Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ербол Көшеков сахнаға тұрып, саяси тақырыптарға келгенде қатысушылардан микрофонды жұлып алуды сұрады.

Журналистерден басқа, митинг барысын әкімдік өкілдері, бірнеше полиция қызметкерлері мен штаттағы адамдар бақылап отырды.

Кейбір қатысушылар митинг туралы өз әсерлерімен бөлісті.

– Біз сіңлім екеуміз қатысушыларды қолдауға келдік, мұнда көтерілген барлық мәселелер әрқайсымызға қатысты. Азық-түлік бағасы күн сайын емес, сағат сайын өсуде, сыбайлас жемқорлық әр қадамда кездеседі, – дейді Жанар әпкелердің бірі.

Болат Жұрмұхамбетовтың айтуынша, биліктің митингке рұқсат еткені жақсы болды.

-Адамдарға сөйлеуге мүмкіндік беру керек, қорқынышты ештеңе жоқ қой, олар бір-бірімен араласады, бір-бірін тыңдайды. Көбі полиция ұстап әкетеді деп қорқады, — деді Болат Жұрмұхамбетов қала тұрғыны.

Орта жастағы әйел Сәуле Мұқанова да көргендері мен естігенін айтты.

– Ақырында, адамдарға өз ой – пікір білдіруге мүмкіндік берді. Өйткені, адамдардың үнсіздігі-бұл кез-келген адасушылық жиынтығы, содан кейін неше түрлі алып қашпа әңгімелер кетеді. Бірақ бүгін адамдар айтты. Біздің азаматтарымыз тыныш және сенімді болды, ешқандай эксцесс жоқ, оларды арандатуға тырысты, ал олар берілмеді, — деді Сәуле Мұқанова.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-21
Утром5.07 ℃
Днем9.25 ℃
Вечером10.84 ℃
Ночью7.56 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра9.67 м/с
2022-05-22
Утром4.82 ℃
Днем12.53 ℃
Вечером8.45 ℃
Ночью7.98 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.49 м/с