«Мұндай жағдайда оқу мүмкін емес» — Оралда №33 мектеп оқушыларының ата-аналары (БЕЙНЕ)

№ 33 мектеп оқушыларының ата-аналары «ОА» редакциясына келіп, өз мәселелері туралы айтып берді. Өйткені, олардың мектебі апаттық жағдайда деп танылып, балалары №2 мектепте оқиды. Балалардың мектепке қалай жететіні, қандай жағдайда оқитыны туралы ата-аналар журналисттерді экскурсияға шақыра отырып, көрсетіп, айтып берді.

«Бізге жаңа мектеп қажет, ескі мектеп жабылғаннан кейін екі айдан соң бүзылады деп уәде берді, әлі күнге дейін ештеңе жасамайды», – деді екі баланың анасы Элмира Таупова.

Екінші ауысымда бастауыш сыныптарда оқитын ата-аналар мен балалармен кездесу қазір жабылып, күзетші қарайтын ескі апатты мектеп жанында белгіленді. Мектепке ер адам «қауіпті» деп,  журналистерді кіргізген  жоқ.

Мектеп ғимараты 1935 жылы салынған, келесі жылы 85 жыл мерейтойын тойлайтын болады. Қазір ол апатты жағдайда тұр және сәуір айының соңынан мұнда сабақтар жүргізілмейді. Оқушылар мен педагогтар №2 ЖОМ-не ауыстырылды. 280 орынға есептелген ғимаратта 400 — ден астам оқушы оқиды, ал асхана-барлығы 16 адамға. Мектеп толығымен жарамсыз, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді, өйткені барлық коммуникациялар — электр сымдары, құбырлар – таттанып кеткен. Екі жыл бұрын ол ресми түрде апатты деп танылды,бірақ балалар осы көктемде төбесі құлағанша әлі де оқуын жалғастырды. Сол кезде балалардың қауіпсіздігі мақсатында көшуге шешім қабылданды. Енді апатты мектеп оқушылары ескі жерде жаңа мектеп салынғанша басқа мектепте оқуда.

Бірақ мектеп салуға асықпайды. Бұл жағдай ата-аналарға қатты уайым болды. Қазір мектепте 453 оқушы оқиды, оның 300 — і «Речник» және «Венера» саяжай қоғамдарында тұрады, ал қалған балалар мектеп жанындағы Гагарин, Жүнісов, Луговой, Физкултурный, Чапаев бөгеті көшелерінде тұрады.

— Күн сайын менің балаларым «Ет комбинаты» аялдамасынан 2 мектепке дейін автобуспен жетеді. Ал ата-анасында ақша жоқтары, жаяу жүреді. Олар қала шетінде, саяжай қоғамында тұратындар, — дейді екі баланың анасы Айгүл Тұрыбаева.

«Бұрын мектепке жету жақын және ыңғайлы болды», – дейді ата-аналар.

Әйелдердің айтуынша, барлығының анасы немесе әкесі шығарып сала алмайды, себебі жұмыста, сондықтан балалардың өздеріне баруға тура келеді.

– Ескі мектепте оқыған кезде балаларға жақын болды, ал енді өте қиын. Сол бір оқиғадан соң, апатты жағдайда деп танылғаннан кейін, бұл мектеп бұзылып, жаңасының құрылысын бастайтынын айтып еді, — деп еске алады әйел.

Онымен келісіп, сөйлесуге басқа ата-ана қосылады.

— Мен көп балалы анамын, менің жеті балам бар,оның бесеуі мектепте оқиды. Біз үшін мектеп оқушыларын қарсы алу үлкен проблема, өйткені олар әр түрлі жаста және мектептен әр уақытта келеді — біреуі бесте, енді біреуі алтыда, қандай да бір іс-шара болғанда сегізде келеді, — дейді көпбалалы ана.

Қандай қиындықпен жететіндерін айтып тұрып,аналары журналистермен бірге №2 автобустан балаларын күтіп тұрды. Кіші сыныптар екінші ауысымда оқиды, ал жоғары сыныптар — 10 және 11 — бірінші сыныпта оқиды, себебі 2 мектепте бәріне орын жетіспейді.

Оқушылар мектепке өрт кіреберіс есігінен кіреді

Соңғы аялдамадан кейін, екі аялдамадан соң балалар мен ата-аналар автобустан шығып 2-ші мектепке дейін 10 минут жүреді, .

Олар артқы есіктен кіреді, орталық жағынан тек №2 мектептің оқушылары ғана кіре алады. Импровизацияланған фойеде балалардың киіміне арналған бірақ жетпейтін бірнеше бағандар бар. Сондықтан балалар киімін және келген аяқ киімдерін өздерімен бірге класстарға алып жүреді. Оны аяқ киімге арналған сөмкеге салады. Бұл кішкентай бөлмеде бұрылу мүмкін емес, бірақ ата-аналар балаларға көмектеседі.

Дәлізге кіре берісте балаларды мұғалімдер қарсы алады. Олар ата — аналарға түсіністікпен қарап, журналисттерге сақтықпен қарауда.

Қауырт жұмыс деп, түсініктеме беруден мұғалімдер бас тартты. Мектеп директоры Үміт Ерғалиевамен де сөйлесе алмадық,ол осы уақытта сабақта болды.

Ата-аналар мен балалар мұғалімдер мен мектеп директорының жақсы жақтарын айтты

— Біздің мектепте-мұғалімдердің құрамы жас және директорымыз-жас әйел, бірақ олардың барлығы сауатты, уақытпен бірге келеді,біздің балаларымызды жақсы түсінеді. Сондықтан білім беру саласында біз өз балаларымыз үшін сенімдіміз. Бірақ, олардың қай жерде оқитындығы да өте маңызды, оның үстіне №33 мектеп — қазақша ғой, – дейді екі баланың анасы Эльмира Тауова.

Эльмира Таупованың айтуынша, Алтай Көлгінов ата-аналарға 300 орындық жаңа мектеп салынатынын, ал ескісі бұзылатынын айтқан.

— Сәуір айында, төбеден люстра құлады, жүріп бара жатқан баланың артынан бір секундтан кейін құлаған. Сол кезде бізбен әкімдік өкілдері сөйлесіп, жаңа мектептің жобасын көрсетті. Әңгімелестік, сөйлестік,келістік енді ұмытып кетті. Ал біз мұнда тығылысып оқудамыз, кішкентай балаларымыз тіпті дәретханаға бара алмайды. Менің қызым былай дейді: «Біздің дәретханаға барғымыз келеді, бірақ бара алмаймыз, онда әрдайым үлкен кезек болады,сосында үйге дейін шыдауға тырысамыз, деп айтады», — дейді Эльмира Тауова.

Барлық ата-аналардың арманы қала билігі олардың жан айқайын естіп, жаңа мектептің құрылысын бастаса екен дейді.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Алтынбек Қайсағалиев (облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы және Нұр-сұлтан қаласының әкімінің орынбасары) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына БҚО-ға сапары кезінде №33 апатты мектепті көрсетіп, БҚО-да мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді.

Сол кезде Алтынбек Қайсағалиев сенат депутаттарына таяудағы екі жылда білім беру нысандарының құрылысына 5,3 млрд теңге бөлінетінін, сондай-ақ биылғы жылы осы қаражаттан 3,2 млрд теңге игеру жоспарланып отырғанын,конкурстық рәсімдер өткізілетінін айтты.

— Алдағы екі айда №33 жалпы орта білім беретін мектеп бұзылады, ал оның орнына басқа мектеп салынады, — деп хабарлады Алтынбек Қайсағалиев.

Сонымен қатар, сенаторлар облыс орталығының даму перспективаларын ескеру қажеттігін атап өтті.

— Облыс орталығы үшін 300 орындық мектеп салу тиімсіз. Халықтың көші-қоны мен жаңа тұрғын үй құрылысын ескеру қажет, – деді ол кезде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Бектұрғанов.

Бірақ сол кезде әкімшілікте бұл мәселе пысықталды.

— Біз жаңа шағын аудандарда 900 орындық мектеп салып жатырмыз. Ал мұнда Чапаев атындағы Затон ауданында мұндай толымдылық жоқ. Үлкен мектеп салу тиімсіз, оны ұстауға бюджет қаражаты кетеді, — деп мәлімдеді БҚО әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі тілшілерге № 33 ЖОМ бойынша ет комбинаты, 1/2 мекен-жайы бойынша 300 орындық жобалық-сметалық құжаттама дайындалғанын хабарлады. Сараптамадан өтті, қаржыландыру мәселесе шешілсе, мектеп құрылысы басталады.

Қашан және кім қаржыландырады, белгісіз. Ал ата-аналар мен балаларға тек шыдамдылықпен күту қалды, келесі көктемге қарай жаңа мектептің құрылысын көрер деген үміттеміз.

Мария Драчева

Бейне: Нұрлыбек Емранов

x
2020-08-06
Утром31 ℃
Днем30.97 ℃
Вечером28.89 ℃
Ночью21.89 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.98 м/с
2020-08-07
Утром21.76 ℃
Днем30.27 ℃
Вечером27.83 ℃
Ночью22.68 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.36 м/с