Азаматтық белсенді – Әлібек Ерғазиев Оралда әкімшілік сотқа тартылды
Әлібек Ерғазиевті облыстық сот ғимаратына әділ сот туралы өз талабын жазған плакатпен шыққаны үшін айыптайды.

– Кеше кеште маған полициядан үйге келіпті, бірақ мен үйімде болмадым, мен ауылыма кеткем. Ал кейінірек маған 13 желтоқсанда полиция департаментіне келу керек деген смс хабарлама келіп түсті. Бүгін мен оған келдім, маған шақырту келмеседе. Сол жерде хаттама жасалды, онда мені 29 қазан күні жеке пикетке заңды түрде шықпағаным үшін айыптайды, – деді Әлібек Ерғазиев.
Үшінші жыл Ерғазиев құқық қорғау органдарынан заңсыз жұмыстан шығарды деп әділдікке қол жеткізе алмай келеді, сол күні 29 қазанда ол кезекті рет соттың назарын өз проблемасына аударуға тырысты.
Әлібек Ерғазиевті ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 1-бөлімі бойынша айыптайды. «Жиналысты, митингіні, шеруді, пикеттерді, демонстрацияны не өзге де жария іс –шараны ұйымдастыру немесе өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу не оларды ұйымдастыруға немесе өткізуге кедергі жасау, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де жария іс-шараға қатысу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, – ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады»
Әлібек Ерғазиев-офицер, бұрынғы полиция қызметкері, кезекші бөлімнің инспекторы. Осыдан екі жыл бұрын оған зейнетке шығуға бір жарым жыл қалғанда,заңсыз жұмыстан босатты.
Тақырып бойынша оқыңыз: