БҚО-да ауыл тұрғындарынан жаңбырға деп ақша жинаған ауыл әкімі жоғарылауға қол жеткізді.
Ауыл тұрғындары атынан Жаратқаннан жаңбыр тілеу үшін ақша жинаған ауыл әкімі жоғарылап кетті.

Әңгіме Лубен ауылдық округінің бұрынғы әкімі Азамат Бисембаев туралы болып отыр. Енді ол Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады. Оның енді аудандық әкімдікте жұмыс жасайтынын Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратында растады.
2011 жылы Лубенка ауылының тұрғыны Ирина Тыщенконың шағымына байланысты Азамат Бисамбаев БАҚ-тың көзіне түсті. Ауыл тұрғыны журналистерге, ауыл әкімі Азамат Бисембаев, осы жылдың мамыр айында тұрғындарынан садақа жасауға ақша жинауды ұсынған.
Лубенка ауылының тұрғындары өз әкімін тасаттық үшін жинаған ақшаны жұмсап жіберді деп айыптайды.
– Әкімнің нұсқауы бойынша ақша жинай бастады.Әр үйден 500 теңгеден, ал жергілікті таксистер мен шаруа қожалықтарының басшыларынан 1000 теңгеден жиналды, — дейді Ирина.
Естеріңізге сала кетейік, ақша мамыр айының соңында, маусым айының басында жиналған болатын. Алайда, үш айдың ішінде әкім садақа өткізген жоқ. Тамыз айының соңында, қыркүйек айының басында жергілікті ақсақалдардың қысымымен ауыл әкімі қасиетті мерекені өткізуге уәде берді. Ауыл әкімі өз сөзінде тұрып 25 қыркүйекте ауыл МҮ ғимаратында садақа өткізді.
– Уәде еткен сиырдың орнына садақаға екі қой сойылды. Біздің талаптарымызға әкім әр түрлі сылтаулармен ақша тапсырғандардың тізімін көрсетпеді. Біз түсінгеніміз, ол қоғамдық ақшаның бір бөлігін жұмсап жіберген, кейін мұның бәрі анекдотқа айналды, — деді жергілікті тұрғын Мұратбек Жолманов.
Әкімнің өз пікірін алу бізге мүмкін болмады. Ауыл әкімшілігінде бізге әкім Бисембаев аудан орталығына кетті деді, әкімнің ұялы телефоны өшіріліп тұрды.
Біз Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратымен байланыстық. Бізге Азамат Бисембаев әкімінің орынбасары болып жұмыс жасйтынын растады. Біз онымен байланысуға тырыстық, бірақ ол барлық уақытта жиналыста болды. «ОА» редакциясы Азамат Бисембаев редакциямен байланысып, өз ауданында өнімділікті арттыру үшін құрбандық шалу жөнінде түсінік береді деп үміттенеді.
Аружан Өтеназарова