Шыңғырлау ауданының әкімдігі ауыл әкімі тұрғындарынан жауын-шашынға ақша жинағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

БҚО тасаттық үшін деп ақша жинаған ауыл әкімі, аудан әкімінің орынбасары болды деген мақала жалғасын тапты. Шыңғырлау ауданының әкімдігі садақа беру үшін ақша жиналғанын ресми растағанымен, бұған әкімнің қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

БҚО Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев. Фото Шыңғырлау ауданы әкімдігінің ресми сайтынан

Шыңғырлау ауданының әкімдігі ұсынған хатты «Орал апталығының» редакциясы төменде толық көлемде — түзетусіз және қысқартусыз жариялайды.

«2019 жылы 13 желтоқсанда «Орал апталығы» сайтында «БҚО-да ауыл тұрғындарынан жаңбырға деп ақша жинаған ауыл әкімі жоғарылауға қол жеткізді» деген журналист А. Өтеназарованың мақаласы жарияланды. Мақаланың мазмұнына қатысты келесіні хабарлаймыз.

Бисембаев Азамат Таңырбергенұлы 1978 жылы 11 наурызда БҚО, Шыңғырлау ауданы, Лубен ауылында дүниеге келген. 2004 жылдың 9 қазанынан қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Жалпы мемлекеттік қызметтегі өтілі – 14 жыл. 2019 жылдың тамыз айынан бастап Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады. Жұмыс барысында А. Т. Бисембаев өзін сауатты, жауапты маман ретінде көрсетті. Сотты болмаған, әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылмаған.

«Орал апталығының» мақаласында көрсетілген болжам бойынша 2011 жылдың 7 қазанында «Батыс Қазақстан облысы Лубен ауылының тұрғындары өз әкімін Жаратқаннан жаңбыр тілеу үшін халықтан жинаған ақшаны ысырап етті деп айыптайды, мемлекеттік қызмет агенттігінің қызметкерлері А. Т. Бисембаевқа қатысты қызметтік тексеру жүргізді, онда осы ақша жинау фактісіне әкімнің қатыстылығы расталмады.

Іс жүзінде ақсақалдар кеңесінің қоғамдық кеңесі іс-шараны ұйымдастырып, халықтан ақша жинап, Лубен ауылдық округінің әкімі А. Т. Бисембаевқа осы іс-шараны өткізу үшін орын бөлуде көмек сұраған. Мұны осы округ ақсақалдар кеңесінің төрағасы растай алады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-і «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 19-бабы негізінде «Орал апталығы» сайтының редакциясынан осы мақаланы теріске шығаруды сұраймыз, өйткені қызметтік тексеру қорытындысы бойынша әкімнің ақша жинау фактісі расталмады»

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-29
Утром1.29 ℃
Днем9.5 ℃
Вечером9.31 ℃
Ночью1.99 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.74 м/с
2025-04-30
Утром4.99 ℃
Днем13.53 ℃
Вечером13.91 ℃
Ночью10.16 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.83 м/с