Камерадан қорқу мен БАҚ-қа төзбеушілік: блогер мен журналист арасындағы жанжал туралы іс қалай өтуде
Оралдық блогер Айболат Бөкеновпен, әкімдіктің «Пульс города» газетінің журналисті арасындағы жанжалға байланысты өтуі тиіс сот процесі екі күн қатарынан өтпеді. Соттың іс жүзінде жабық режимде қалай жүргізіліп жатырғанын және журналистерге болып жатқан жағдайды түсіруге тыйым салғаны туралы «ОА» репортажында.

Қақтығысқа кіріспе
Айболат Бөкенов пен Дана Дүйсекенованың арасындағы жанжал 12 желтоқсанда полиция департаментінде орын алды, ол кезде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен ЖКО-ға арналған жалпы полиция жиынында ІІО ардагерлері департаменттің басшысы генерал-майор Әбләзимовтың жұмысын мақтады. Сол күні өзінің Facebook-тегі жариялануына байланысты осы жиналыс өткізіліп жатқасын, блогер мінбеде сөз сөйлегісі келді. Алайда, «Пульс» басылымының журналисті Дана Дүйсекенова оның трибунаға шығуына барынша кедергі келтіріп, «Егер оған сөз берсе, онда мен де сөйлеймін» деп айқайлады. Айболат Бөкеновтің досы блогердің смартфон камерасының объективін көрермен залына бұрғанда, кадрға журналист түсті, сол кезде ол телефонды белсендінің қолынан жұлып алды. Бөкенов Дүйсекеновадан өз телефонын кері алмақшы болғанда сол жерде жанжал шығып, Бөкеновті досымен бірге залдан шығарып жіберді.Бірақ, айта кету керек, полиция қызметкерлері тарапынан Дүйсекеноваға қатысты осындай әрекеттер жасалған жоқ.
Кейін журналист «Пульс» сайтында Айболат Бөкеновтің оны «ұрғанын» жазған. Мақалада ол сондай-ақ «ОА» журналисттеріне тиісіп, Бөкенов тарапынан шабуыл «Орал апталығының «алдын ала жоспарланған арандатушылығы» екенін жазады. Денсаулыққа зиян келтіру туралы іс бойынша бірінші сот процесі кеше, 18 желтоқсанда өтуі тиіс еді. Осыдан біз әңгімені әрі қарай өрбітеміз.
Айта кету керек, көктемде Дана Дүйсекенова «Қазақстан полициясының 25 жылдығына» наградасымен марапатталды. Оған марапатты генерал-майор Масхудхан Аблазимов табыс етті.

18 желтоқсан, 15: 00, Орал қаласының әкімшілік соты
Айболат Бөкеновтің ісі бойынша сот процесі кеше сағат 15:00-ге тағайындалды. Осы уақытта сот ғимаратына блогерді қолдауға азаматтық белсенділер келе бастады. Іс бойынша тыңдаушылар ретінде Бакиза Халелова, Данияр Інжігалиев, Асқар Шайгумаров, Мақсат Айсаутов және блогердің басқа да жақтастары келді. Дана Дүйсекенованың өзі процеске әлі келмеді, жиналғандарды осы іс бойынша судья әлі тағайындалған жоқ деп, ешкімді ішке кіргізбеді.

Сот ғимаратының алдында оның қорғаушысы Абзал Құспан блогердің ісі бойынша түсініктеме берді:
— Талапкер менің қорғаушымның денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы өтініш берген. Сұралған 7 куәгердің екеуі ғана Айболат әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын көргенін айтты. Бұл ішкі саясат бөлімінің қызметкері және полиция қызметкері. Менің сот — медициналық сараптама жөнінде сотқа қатысты кейбір сұрақтарым бар, — деді ол.

Айболат Бөкеновтың өзі журналисті полиция қызметкерлері солар жайында көп жазғасын «әдейі жіберген» деп есептейді.:
— Менің ойымша, Дананың қылығы генералдың ісімен байланысты. — Мен оны бес жүз адамның көзінше ұрып-соғар ма едім? Ол жай ғана менің телефонымды тартып алды, мен оны кері алуға тырыстым. Көгеру мен жырылғандарды мүмкін оның өзі жасады әлде құлап қалды, — дейді блогер.
Бір жарым сағаттан кейін оқиға орнына Дана Дүйсекенованың өзі әкесімен, қорғаушысымен келді. «Азаттық Радиосының» тілшісі Мария Мельникова оның пікірін талапкер ретінде білгісі келгенмен, «Пульс» тілшісі камераға сөйлеуден бас тартты.
— Егер сіз сұрақтарға жауап беруді қаламасаңыз, онда қорғаушыңыз айтсын деп,- деп «Азаттық» журналисі болып жатқан жағдайды камераға түсіріп тұрды.
Алайда, талапкердің қорғаушысы да пікірлерден бас тартып, Мария Мельникованың камерасын қолмен жаба отырып, ҚР Азаматтық Кодексінің 145 бабына сәйкес оны түсіруге болмайтындығы туралы сөздерді қайталап айтты. Бас тартқаннан кейін журналист бейне түсіруді тоқтатып, артқа қарай кетті, ал Дана Дүйсекенова қорғаушымен бірге сот ғимаратынан шықты. Кейін анықталғандай, олар «заңсыз түсіру» фактісі бойынша полиция қызметкерін шақырған.
Суд по делу Айболат Букенов так и не начался. Хоть и прождали 1,5 часа.
Мария Мельникованың Facebook-те полицияға шақырту фактісі туралы жариялануы.
Полицей Марияны тергеу үшін 10-15 минуттан кейін келді. Оның айтуынша, «102» пультіне шақырту келіп түсті. Полиция қызметкері тек журналисттен сұрақтар хаттамасын алып,пікір білдіруден бас тартып бірден кетіп қалды.
Сол уақытта бір жарым сағат өтті, ал сот процесі әлі басталған жоқ. Кейін жиналғандарға сот келесі күні таңғы 9-ға ауыстырылатынын хабарлады.
19 желтоқсан, 09: 00, Орал қаласының әкімшілік соты
Келесі күні сот процесіне белсенділерден көп адам келген жоқ. Жаңа тұлғалардың ішінен Аслан Сағутдинов пайда болды. Барлық жиналғандарды сот залына кіргізді, мен іс бойынша куәгер болғандықтан, сыртта қалдым.
Сот процесі басталғанға дейін айқай басталды. Дана Дуйсекенованың өзі де қорғаушысы да БАҚ өкілдері мен азаматтық белсенділердің бейнеге түсіруіне қарсы болды.
— Мені түсірмеңіз, әйтпесе мен сот күзетін шақыруға мәжбүр боламын, — деп мәлімдеді қорғаушы Аслан Сағутдиновқа.
Дана Дүйсекенова оның сөзін қолдап:
— Біз кеше полицияны шақырдық, бүгін де шақыра аламыз,-деді.
Қорғаушы Азаматтық кодекстің бабын қайталап, оның келісімінсіз оны түсіруге ешкімнің құқығы жоқтығын айтты.
Бірнеше минуттан кейін сот залынан судья Ернар Халыков кіргенде, оған Мария Мельникова тарапынан сот процесін түсіруді шешу туралы өтініш келіп түсті. Судья журналистің өтінішіне теріс жауап берді:
— Болмайды түсіруге, мен рұқсат бергенше. Сіз процеске қатысасыз ба? Егер жоқ болса, неге онда араласып тұрсыз? -деп Мария Мельниковаға шүйлікті.
Сот процесі басталып та кетті, алайда Айболат Бөкенов бүгін оның қорғаушысының болмауына байланысты сот процесін кейінге қалдыруды сұрады. Судья блогердің өтінішхатына «істі тез арада жабу керек» деп жауап берді.
Қолдаухаттан кейін Ернар Халыков сот процесін түсіруге барынша кедергі келтірді: ол «ОА» операторы Нұрлыбек Емрановқа ескерту жасады, ал түсіргені үшін белсенді Данияр Інжігалиевке ескерту жасап, сот залынан шығарып жіберді. Судьяның болып жатқан оқиғаларды құжаттандыруға мұндай төзбеушілік неден туындағаны-белгісіз.
Бірнеше минут өткеннен кейін, талапкердің қазақ тілінде сөйлей алмайтынын және оған аудармашы қажет екенін ескере отырып, процесті бір сағатқа кейінге қалдырды. Біз оператормен, белсенділермен темекі шегу үшін далаға шықанымызда, сот ғимаратынан Айболат Бөкеновты ішке шақырған қызметкер шықты.
Контрольно-пропускной пункт-Бақылау-өткізу пункті
БӨП-нен тек Айболат Бөкеновті сот процесіне қатысушы болғанына қарамастан,телефонын шкафка тастап кіруін сұрады. «ОА» журналисін және операторды судья тарапынан рұқсаттың жоқтығына сілтеме жасай отырып, ішке жібермеді. Сот залынан шыққан белсенді Аслан Сағутдиновты да кері кіргізбей есікті жауып тастады. «Азаттық» журналисі Мария Мельникова хатшыдан сот процесі басталды ма, неге сот залына Бөкеновтен басқа ешкімді кіргізбеді деген сұрағына жауап бермей кетіп қалды.
Сонымен қатар ғимаратқа бірінен соң бірі сот залына қарай өткен екі полиция қызметкері келді.Дана Дүйсекенова шақырған соң бейнетүсірілімге байланысты полиция қызметкерлері маған келген болар,- деді Аслан Сағутдинов.

Біраз уақыттан кейін сот залынан судья, одан кейін — Дана Дүйсекенова мен оның қорғаушысы шықты. Талапкер камераны көріп, дереу киім ауыстыру бөлмесіне кіруге асықты. Кейін белсенділер мен журналистерге Айболат Бөкеновтің өзі де шықты, ол соңғы 20 минут ішінде не болғанын түсіндірді.
— Менің қорғаушым Нұр-сұлтанға ұшып кетті, сондықтан мен процесті ауыстыруды өтіндім. БАҚ өкілдерін неге жібермегені туралы білмеймін-бірақ тіпті процесс барысында менің де телефонымды кіргізбеді. Келесі процесс 27 желтоқсанға ауыстырылды, — деді ол.
«Азаттық радиосының» тілшісі Мария Мельникова да орын алған оқиға жөнінде өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, судья оғаш шешімдер қабылдады және түсіруге тыйым салуы негізсіз болды:
— Менің ойымша, судья өзін біртүрлі ұстады. Ол БАҚ-тың түсірілімдерді өткізу туралы өтінішін тыңдағысы келмеді, сот процесі бірден басталған жоқ, сонымен бірге бір сағатқа ауыстырылды. Бір сағат болмай жатып 20 минуттан соң процесі басталды, оның үстіне ешкімді жібермеді, мен бұл туралы хабарламады. Іс жүзінде оған талапкер мен жауапкер ғана қатысты. БАҚ — тан ақпаратты неге жасыратыны және журналистердің қатысуын шектейтіндігі түсініксіз, — деді ол.
Ол сондай-ақ процесс ресми түрде басталмай жатып, бейне түсірілім бойынша шектеулер басталғанын айтты.
— Талапкердің өз-өзін ұстауы-бұл жеке тақырып. Менің түсірілім жасағаным үшін талапкердің полиция шақырған кешегі жағдайы — мен үшін түсініксіз, себебі менің ойымша, ешқандай бұзушылық болған жоқ. Мен қорғаушыға БАҚ өкілі екенімді мәлімдедім, алайда ол оны есепке алмады, — деп түйіндеді ол.
Алексей Воробьев.





