2020 жылы қазақстандықтар үшін зейнетақы мен жәрдемақы қалай өзгереді

Қазақстанда «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заңға сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар өседі. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде мәлімдеді, дейді zakon.кz.

Иллюстрациялық фото. Фото Zakon.kz.

Ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалады және 42 500 теңгені құрайды. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 1500 теңгеге артып, 31 183 теңгені құрайды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақы 7% – ға арттырылады, бұл ретте оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 % – ға ұлғаяды, оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңгені құрайды.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектігі бойынша ең төмен күнкөріс шамасының топтары мен себептеріне, мүгедектіктің асыраушысынан айырылғанда, асырауындағылар саны мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылында қаралады.

Мәселен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 5% – ға арттырылатын болады.

Мысалы, келесі жылдан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері жалпы аурудан мүгедектік тобына байланысты 32 431 теңгеден 59 872 теңгеге дейін құрайды.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы мөлшері 26 818 теңгеден 65 797 теңгені құрайтын болады, асыраушылардың санына байланысты. Бұл ретте тұл жетімдер әрбірі 36 796 теңгеден, бірақ барлығы еңбекке жарамсыз отбасы мүшелеріне 79 829 теңгеден аспайтын болады.

Бала тууға байланысты жәрдемақы артады: бірінші, екінші және үшінші балаға —  100 776 теңгеге (38 АЕК), төртіншіне –  167 076 теңгеге (63 АЕК)  өседі.

Баланы бағуға байланыста 1 жасқа дейін ай сайын берілетін жәрдемақы, әйелдер үшін: біріншісіне — 15 276 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға — 18 061 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға — 20 819 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға — 23 603 теңге (8,9 АЕК).

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 16 973 теңгені құрайды.

Асырап алушыға, қамқоршыға тағайындалатын және төленетін жәрдемақы мүгедек бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 43 657 теңге (1,4 ӨМ) құрайды.Туғаннан мүгедек балаға да төленетін жәрдемақы осындай мөлшерде болады .

Сонымен қатар, 12 желтоқсанда Сенат «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заңдарды қабылдады.

Бірінші заңда еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде пайдаланылатын параметрлерді өзгерту көзделген. Бұл төлемді орташа есеппен 30% – ға арттыруға мүмкіндік береді.

Мысалы, жұмыстан айырылған, бұрын 100 мың теңге мөлшерінде орташа айлық табысы және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі 5 жылдан астам адам үшін төлем сомасы 30 000 теңгеден 41 600 теңгеге дейін өседі.

Екінші заң 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізуді көздейді. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балалыларға-42 496 теңге; 5 балалыларға – 53 127 теңге; 6 балалыларға-63 757 теңге; 7 балалыларға – 74 388 теңге.

x
2020-04-06
Утром7 ℃
Днем7 ℃
Вечером5.27 ℃
Ночью1.88 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра4.7 м/с
2020-04-07
Утром0.15 ℃
Днем6.89 ℃
Вечером4.46 ℃
Ночью0.09 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.89 м/с