«Бюджет қаражатын біз игердік» — Оралда қатерлі ісікке шалдыққандар әлеуметтік көмек ала алмауда
Оралда онкологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар өздерінің ақшалай жәрдемақыларын ала алмауда.Қала тұрғындарының наразылығына әлеуметтік қамсыздандыруда төлемнің болмауы, осы жылы игерілген бюджетпен байланысты деп жауап берген.

«ОА» редакциясына Орал қаласының онкодиспансерінде есепте тұрған Күләш Байгелдинова жүгінді. Ол әлеуметтік бағдарлама бойынша жыл сайын төленуге тиісті 15 АЕК көлемінде (37 875 теңге) төлемді ала алмай жүргеніне арызданды. Оның айтуынша, бұл төлемнен бас тартылған ол жалғыз адам емес.
— Биылғы жылы онкологиялық бөлімшеде есепте тұрған барлық азаматтарға қараша айынан бастап оларға тиесілі ақшаны төлеуді тоқтатты. Мен барлық құзіретті органдарға кіріп шықтым, төлемді беретін әлеуметтік қамсыздандыруда маған:»Сізге төлеуге ақша жоқ. Бюджет қазірдің өзінде игерілді, 2020 жылы келіңіз» деді,- дейді Күләш.
Ол сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас бухгалтеріне кіргенін атап өтті, бірақ оған: «Сіз біздің қатаң сөгіс алғанымызды қалайсыз ба? Бюджеттік қаражатты біз игердік» деген.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Күләш сияқты — онкологиялық бөлімшеде есепте тұрған барлық адамдарға бюджеттік қаражат жетіспеді деп жауап берді. Айта кетерлігі, 2019 жылы халықтың түрлі санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге 391,7 млн.теңге бөлінген.
— Біз қала әкімшілігінен көп соманы сұрадық,алайда оны беруден бас тартты. 2019 жылы онкологиямен ауыратын 3154 тұрғынға материалдық көмек төледік. Өкінішке орай, келесі жылы 2019 — да төлем ала алмаған адамдар үшін өтемақы қарастырылмаған, – деп түсіндірді бөлімде.
Алексей Воробьев