Круглоозерное кентінде жүзден астам бала балабақша кезегінде тұр. Ал, ауылда бірнеше айдан бері жаңа балабақша тоқтап тұр
Круглоозерное кентінде жүзден астам бала балабақшаға кезекте тұр.Ал жаңадан ашылған балабақша бірнеше айдан бері тоқтап тұр. Бірақ ол балаларды қабылдамайды. «Орал апталығының» журналистері осы жәйттің қилы көріністерін талдады.

46 жасар Мансия Үстемірова үшінші жыл бойы үйде, жұмыссыз отыр. Жұмысы бар тіпті басшылық оны жұмысқа шық деп шақыруда.Бірақ Мансия жұмысқа шыға алмай отыр. Таңертеңнен кешке балабақшада орын болмағандықтан, баласының қасында.
– Иә, 40 жастан кейін босануға көп ешкімнің жүрегі дауламайды, бірақ бізде осылай болды, — деп ұяла күлімсірейді әйел. Содан кейін әңгімесін жалғайды-енді жұмысқа шығайын десем, шыға алмаймын. Балабақшадағы кезектің алға жылжитын түрі жоқ. Бізге осы балабақша қажет, – деп әйел ағынан жарылды.
Оны ондаған жергілікті әйел қолдай жөнелді. Олар бірінен соң, бірі өз балаларын Круглоозерныйдан Оралдағы балабақшаларға қалай апаратынын айта бастады. Біз олармен жаңа балабақшаның ауласында сөйлесіп тұрмыз. Әлі ешкім отырмаған жаңа орындықтар, ешкім күннен қорғанып кірмеген жаңа күркелер және аулада әлі ешкім жүрмеген жаңа жол төсеніш тұр.

– Міне, жап-жаңа балалар жиһазы. Балаларға арнайы арналған раковиналар мен унитаздар. Барлығы стандарт бойынша, – дейді маған, осы балабақшаны салған құрылыс компаниясының басшысы Танат Нұрғазиев.
Балабақша шынымен де әсерлі. Төрт топқа есептелген, ол 100-ден астам баланы қабылдай алады. Бұл бала бақша Круглоозерныйда кезекте тұрған жүз бала үшін өте қажет.

Хайролла Такишев, жеке кәсіпкер және балабақша құрылысы идеясының авторы, неге балабақша салуды шешкенін айтады.
— Мен өзім Круглоозерныйдікімін. Менің де балаларым бар, мен де бір кездері ауылдан қаладағы балабақшаға балаларымды тасыдым. Содан кейін неге бізде балабақша салынбайды деп ойландым. Әкімдікке барғанымда, МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) шеңберінде балабақша салуыма болатынын айтты. Осыдан екі жыл бұрын жергілікті әкім бос тұрған байланыс бөлімінің ғимаратын көрсетіп, оны жөндеуден өткізіп, балабақшаға айналдыруды ұсынды. Мен инвестор тауып бір жыл ішінде оны салдық.Енді, салып болғаннан кейін мемлекеттік органдар оны ашуға рұқсат бермейді, — деді Хайролла Такишев.
МЖӘ бағдарламасы серіктестік болып табылады. Оның аясында жеке кәсіпкер өз есебінен балабақша салады,ал мемлекет бірнеше жыл бойы оны сатып алады.Ал, Хайрулламен болған жағдайда бәрі олай емес.

— Балабақша салынғаннан кейін мемлекеттік органдар бала бақшаны қабылдауды соза бастады. Балабақша көктемде дайын болды. Бірақ қазір қараша, ал мемлекеттік органдар оны қабылдауға еш асығар емес. Міне, кенттегі балабақша үшін балалар бар, балабақша да бар, тіпті дайын кадрлар да бар, бірақ рұқсат жоқ, – деп түсіндіреді Хайролла.
Мемлекет төлеуі тиіс бұл жобаның құнын білмек болдым. Хайролла бұл жоба мемлекет нөлден салған бала бақшадан екі есе арзан деді.
Осы уақытта балабақшаға ауыл әкімі, полиция және қалалық білім бөлімінің қызметкерлері атынан ресми тұлғалар делегациясы келді.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Батика Пайдина балалар бақшасына кезекте тұрған әйелдерді тыңдаудан бастады. Содан кейін ол Хайроллаға бала бақшаны тек жеке жоба ретінде ашып, одан пайда табуға не кедергі келтіретінін сұрады.

— Бұл нұсқа бізге қолайлы емес, себебі мен оны жекеменшік балабақша ретінде ашсам, онда төлем балалардың ата-аналары үшін қымбат болмақ. Бір бала үшін шамамен 50 мың теңге шығады, — деді Хайролла.
– Жақсы, онда сізде мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында субсидиялауға өтінім беру мүмкіндігіңіз бар. Қазір барлық жекеменшік балабақшалар солай жұмыс істеуде. Мемлекет сізге әр балаға 27 мың теңгеден субсидиялайды,ал ата-аналар айына белгіленген мөлшердегі 15 мың теңгесін төлейді. Сізге осы дұрыс емес пе? -деп сұрады Батиқа Пайдина.
— Бұл да бізге де тиімсіз, себебі бізден шығын кетті. Бұл жүз миллион теңгеден артық. Ал сіз бізге сәл бөлшектеп алуды ұсынасыз. Мен де, инвесторларым да мұнымен келіспейді, – деп жауап берді Хайролла.
– Демек, бұл балабақшаның ашылуын мемлекет тежемейді, сіздің МЖӘ бағдарламасы бойынша өз ақшаңызды алуға деген қағидатты ниетіңіз. Мен шынымды айтсам, сіздің ұстанымыңызды түсінбеймін. Себебі, МЖӘ бойынша ресімдеу-бұл ұзақ процесс. Оған бірнеше ай кетуі мүмкін. Экономика басқармасы сізге осы нысанды қабылдауға және сіздің шығыныңызды өтеуге келіспей тұрып, сізден әрбір шеге бойынша растайтын құжаттарды талап етеді. Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, менің ойымша, осы балабақшаны жеке меншік ретінде ашуға, мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім беруге және табыс табуды бастауға келісуіңіз керек.Ал, қазір Сіз бостан-бос тұрған ғимараттың коммуналдық шығындарын төлеп отырсыз. Сізге бұл бос шығын емес пе? – деді Батика Пайдина.
Мұндай түсіндіруден кейін, жиналған жергілікті әйелдер Хайроллаға біртүрлі қарай бастады. Бір сағат бұрын олар сөзсіз оның жағында болатын.
Ымыраға келместен тараптар тарады. Бірақ Батика Пайдина кәсіпкерге оның ұсынысын тағы бір қарауға кеңес берді.
– Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру аясында сіз әр балаға айына 50 мың теңгеге жуық ақша табасыз. Егер сіз айтқандай, сізге кем дегенде 100 бала келсе, онда бұл айына 5 млн теңге. Енді 12 айға көбейтіңіз. Бұл шамамен 60 млн теңге. Егер сіз осы ғимаратты жөндеуге және жабдықтарды сатып алуға 200 млн теңге жұмсасаңыз да, онда 6-7 жыл ішінде өз салымыңызды толық өтейсіз. Менің ойымша, бұл жаман нәтиже емес, — деді Батика Пайдина.
Дегенмен, Хайролла МЖӘ бағдарламасы оған және оның инвесторларына тиімді деп санайды.
Қазіргі уақытта Крулоозерныйдағы балабақшаның тағдыры әлі шешілмеді. Облыстағы экономика басқармасында бұл жағдайды білетіндерін айтты, бірақ қабылдай алмайды, өйткені жеке меншік шығын бөлігі бойынша барлық растаушы құжаттарды бермеген. Хайролла барлық құжаттар әлдеқашан тапсырылғанын, ал жоба қарапайым бюрократиямен тежелетінін айтып өтті. Ал Круглоозерныйда сол баяғы 100-ден астам бала балабақша кезегін күтуде.