БҚО-ның 17 жасар студенті жатақхана терезесінен құлап көз жұмды
24 желтоқсан күні шамамен түңгі екі жарымдарда БҚМУ жатақханасынан 17 жасар Бекарыс Қыдырбаев құлап кетті. Куәгерлер оны таксимен ауруханаға жеткізуге тырысты, алайда ол медициналық көмек ала алмай қайтыс болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі болған жағдайды растады:
— Алып келген адамдардың айтуынша, шамамен сағат 02: 30-да жігіт терезені ашып, 6-қабаттан құлап кеткен. 02:50-де ол облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне өмір белгілерінсіз жеткізілді, — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Айта кету керек, бұған дейін «ОА» редакциясына жасырын дереккөзден келіп түскен ақпарат бойынша жас адамның өлімі кездейсоқ емес еді — ол өзіне-өзі қол жұмсады. Іс жүзінде қалай болғаны-әзірге белгісіз.
БҚО ІІД баспасөз қызметінде түсініктемені кейінірек беруге уәде берді. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дан да түсініктеме болады. «Орал апталығы» оқиғаны қадағалауда.
Алексей Воробьев