«Бізде ерегесу жағдайы ешқашан болған емес» — БҚМУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры
24 желтоқсан күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ жатақханасында қайғылы оқиға орын алды, түнде 6-қабаттың терезесінен Маңғыстау ауданынан университетке оқуға келген 17 жасар Бекарыс Қыдырбаев құлап кетті. «ОА» журналистері БҚМУ қызметкерлерімен болған оқиғаны көбірек білу үшін әңгімелесуді ұйғарды, сондай-ақ қайтыс болған жігіт тұрған жатақхана бөлмесінде болып қайтты.

Қайтыс болған жігіт туралы журналистерге тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, Түймеш Дарішева айтып берді.
– Бекарыс біздің ЖОО-ның студенті болды, біздің жатақханада тұрды. Ол өте жақсы студент ретінде сипатталды, – дейді ол.
Ол сондай-ақ «ОА»редакциясына анонимді дереккөз ұсынған, қайтыс болған студент құрдастары тарапынан ерегестің құрбаны болуы мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді.
— Мұндай фактілер бізде ешқашан болған жоқ. Біз студенттерді қалай дұрыс өмір сүруге және өзін — өзі ұстай білуге үйретеміз — бір сөзбен айтқанда, студент білімді және өзіне төтеп бере алатын адам ретінде өмір сүруге барлық жағдай жасаймыз, – деп түсіндірді ол.
Ол сондай-ақ, бүгін таңертең қаза тапқан адамның мәйітіне туыстары келіп, БҚМУ басшылығы оларға қажетті құжаттарды рәсімдеп, бір қызметкерді бірге ілестіріп, ұшаққа отыруға көмектескенін айтты.

Тәрбие ісі жөніндегі проректормен сөйлескен соң, университет әдіскері бізді студент қаза тапқан бөлмеге кіргізді. Бекарыс тұрған бөлмеде одан басқа 4 (!) адам тұрады екен. Әдіскердің айтуынша,қайғылы оқиға кезінде көршілердің бірі ұйықтап жатқан, екіншісі сұранып кеткендіктен бөлмеде болмаған, үшіншісі жуынатын бөлмеде болған,ал төртіншісі бөлмеден бір жаққа шығып кеткен. Бұл жігіттің терезені айқара ашып, құлап кеткені қалай болуы мүмкін дегенге, бір көршісі бөлмеде қатты ыссы болды, осыған байланысты жігіт терезені ашуды ойлаған болар деп, жауап берді. Ал одан әрі не болғанын, көршілер білмейді-олардың бірінің айтуынша, жігіттің аяғы тайып кетуі де мүмкін.

Тілшілер келген кезде бөлмедегі көршілердің барлығы дерлік ұйықтап жатты, төрт көршісінің үшеуі орын алған оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, қаза болған адамның көршілерінен сұрақ алса да, ІІД-ден түсініктеме келіп түскен жоқ.
Алексей Воробьев, Фото Артем Букреевтікі