БҚМУ студентінің өлімі туралы қозғалған іс қалай жүруде: орын алған оқиғаның түрлі нұсқалары
24 желтоқсанда №2 БҚМУ жатақханасының 6-қабатындағы терезесінен 17 жасар Бекарыс Қыдырбаев құлап кетіп, қаза тапты. Болған жағдай туралы ЖОО басшылығынан емес, «ОА» жазған жасырын көзден белгілі болды. Студенттің қаза табуы туралы іс қайғылы оқиғадан кейін бір күн өткен соң ғана жалпыға белгілі болды.

Ешкім ештеңе көрген жоқ
Орын алған оқиғаның бірінші нұсқасын БҚМУ-дың әдіскері Бекарыс тұрған жатақхана бөлмесін көрсеткен кезде айтты. Жоғары оқу орны қызметкерінің айтуынша, сол қайғылы түні Бекарыстың бөлмесіндегі көршілердің ешқайсысы, оның терезеден құлап кеткенін көрген жоқ — олардың біреуі жуынатын бөлмеде болған, (түнгі 3 сағат шамасында), екіншісі «сұранып кеткен» (сол түнде ол жатақханада қонбаған), үшіншісі ұйықтап қалған, төртіншісі бөлмеден шығып кеткен, ал бесінші «міне,осы жерді жинастырған» (кереуетін жинаған).
Көршілері, қаза тапқан адамның бөлмесіне келген журналистерге ешқандай ақпарат бермеді— олардың барлығы күндізгі уақытта ұйықтап қалған. Алайда,бір студент оның аяғы тайып кеттті деді, ол Бекарыстың көршісі ме, жоқ па-анық емес.
Студент құлап қалған терезе де алаңдатады: ол ескі емес, қазіргі заманғы-тұтқаны бұру арқылы оны жоғарғы жағына ашу мүмкіндігі бар терезе.

Сол түні Бекарыс бөлме тым ыссы болғандықтан терезені ашуға шешім қабылдады. Шынында да тілшілер бөлмеде болған кезде ыстық болды (жатақхана бойынша студенттердің көпшілігі жеңіл киіммен жүрді).
Полиция нұсқасы
Полиция департаментінің баспасөз қызметінде орын алған оқиғаның басқа нұсқасы бар, онда барлық студенттер қайғылы оқиға кезінде Бекарыспен бірге бөлмеде болған.
— Онымен бірге тұратын барлық студенттер, Маңғыстау облысының бір ауылынан шыққан студенттер және барлығы бір-бірін біледі. Сол түні олар барлық отырып, емтиханға дайындалып, ойнап-күліп отырған. Бір кезде Бекарыс терезені ашып, денесінің жартысын сыртқа шығарып, теңестіріп тұрған. Оның көршілері оған тоқтауды сұрағанмен, ол тыңдамай, нәтижесінде төмен құлап кетті, — деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз хатшысы Болатбек Белдібеков.

Ол сондай-ақ, Бекарыстың денесінде құлаудан басқа ешқандай көгерген іздер болған жоқ, деді.
Жасырын дереккөздер
Қайғылы оқиға туралы бірінші болып «ОА» редакциясы студенттің өлімі туралы хабарламаны жасырын дереккөз хабардар етті. Өз хабарламасында ол БҚМУ басшылығы Бекарыстың қаза болу фактісін жасыруға тырысатынын атап өтті,ал келесі күні қайғылы оқиғадан кейін ЖОО басшылығы студенттерге «суицид» туралы айтып берді. БҚМУ-да қысқы сессия кезінде оқытушылар студенттердің өміріне араласуға құқығы жоқ болғандықтан, осындай факт болған жоқ деп атап өтті.
БҚМУ студентімін деп, өзі таныстырған жасырын дереккөз «ОА» жазған хатында Бекарыс басқа студенттер тарапынан әлімжетік көріп, «оны ақша тауып беруіне» мәжбірлеуі мүмкін екенін айтты. Алайда БҚМУ — да бұл нұсқаны жоққа шығарып-тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Түймеш Даришеваның айтуынша, университетте ерегесу жағдайы ешқашан болмаған, ал Бекарыс өзі жақсы жағынан көрініп, тек қана оң беделге ие болған.

Бүгін редакциямен тағы бір БҚМУ студенті хабарласты. Оның айтуынша, сол түні Бекарыс терезеден денесін шығарып, бірнеше қабат төмен орналасқан біреулермен сөйлесіп тұрғанда, өзін ұстай алмай құлап кеткен деді.
Алайда, Түймеш Дәрішева атап өткендей, адамдарға өсек тарату тән — сондықтан орын алған жағдай шынымен аяқ астынан болған жағдай болуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, БҚО полиция департаменті студенттің қаза табуы бойынша ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлімі «Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда, полицияда бұл қайғылы оқиға деген болжамға жататынын атап өтті.
Алексей Воробьев, Фото Артем Букреевтікі.
