Оралда қоқыс контейнерлеріне жеке қолжетімділік жүйесін енгізу ұсынылуда (БЕЙНЕ)

Орал қаласының әкімдігі әр пәтерден қоқысты жеке есепке алудың жаңа жобасын ұсынады. Жоба шеңберінде электрондық кілт бойынша жеке қатынайтын жабық қоқыс алаңдарын құру қарастырылуда. Әзірге тестілік режимде бір алаң жұмыс істейді.

Бұл туралы «Орал апталығы» үшін берген сұхбатында Аманжол Алпысбаев мәлім етті.. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Оның айтуынша, тестілік режимде жұмыс істейтін қоқыс контейнерлері металл құрылымынан жасалған алаң ішінде орналасады. Алаң Орал қаласының 9 шағын ауданындағы үш үйге қызмет көрсетеді.

– Қазір пилоттық режимде құрылған бір жоба бар. Бұл үй есіктеріндегі жүйе бойынша таныс электрондық кілттердің көмегімен жеке қол жетімділігі бар қоқыс алаңы туралы. Бұл жеке кіру жүйесі. Бәрі оп-оңай. Қоқыстарды контейнерге тастау үшін үйдің тұрғынына осындай электронды кілт арқылы жабық алаңның есігін ашу қажет. Бұл не береді? Біріншіден, қоқыс алаңына осы нақты үйдің тұрғындары ғана кіре алады. Ешкім олардың контейнеріне қоқыс лақтыра алмайды. Екіншіден, мұндай кілтті пайдалану саны бойынша, кімнің қанша қоқыс шығаратынын нақты біле аламыз. Өйткені әр кілт белгілі бір пәтерге жеке бекітіледі. Тәртіп болады, өйткені бұл жеке тұлға. Сен көрініп тұрасың. Ең бастысы-ашық контейнерлерден қала бойынша ұсақ қоқыс шығарылады. Біз осы ұсақ қоқыстарды тазарту үшін қала бойынша жыл сайын «мушкетерлер» деп аталатындарға, қаланы қоқыстан қолымен тазалаушыларға 475 миллион теңге бөліп отырмыз, — деді Аманжол Алпысбаев.

Сонымен қатар, ол жабық қоқыс контейнерінің тесттік жұмысы төмен статистиканы көрсетеді – іргелес үш үйде тұратын тұрғындардың жартысынан астамы әлі де тегін электронды кілттерді алуға асықпайды.

– Осы эксперименталды үйдегі кілттердің жартысынан көбі әлі күнге дейін таратылмаған. Пәтерлерді аралап жүріп, есіктерін қағып, тегін таратуға тура келеді. Сонда олар қоқысты қайда тастайды? Жауабын таңартең қоқыс алаңына келгенде көреміз, қоқыс толы үлкен пакеттер алаң жаныңда үйіліп тұрады. Неге адамдар осылай жасайды – түсіну қиын. Менің ойымша,бір себебі-жаңалыққа сенімсіздік, — деп есептейді Аманжол Алпысбаев.

Үйлерінің жанына эксперименттік жеке жабық алаң орнатқан тұрғындардың жартысынан астамы қоқыс пакеттерін контейнерлерге салмай, қасына қойып кетеді.

Оралда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметін төлеуден жалтарып жүрген 80 мыңнан астам адам бар, деп мәлімдеді Аманжол Алпысбаев .

— Егер барлық қалада жеке қолжетімділік жүйесін енгізетін болсақ, онда Оралдағы ҚТҚ шығаратын компания көбірек табыс таба алар еді. Бүгін Орал қаласында, біздің мәліметтер бойынша, 81 мыңға жуық тұрғын осы қызметті төлеуден жалтаруда. Бұл жаңалықтың экономикалық тиімділігін түсіну үшін 81 мың адамды көбейтіңіз, олар қоқыстарын қайда тастайты белгісіз, айына 210 теңге осыны, 12 айға көбейтіңіз. 204 миллионнан астам теңге шығады. Ар-ұжданмен жасалған мәміле бағасы-210 теңге.

Осы жобаның жалғасы туралы журналист сұрағына, Аманжол Алпысбаев өкімет Оралда қоқысты бөлек жинау бойынша, «Үйде екі пакет» жобасы жоспарлауда деді.

– Бұл жобаның түпкі мақсаты-үйде екі пакет ұстау. Яғни, мақсаты-адамдарды үйдің қалдықтарын сұрыптауға үйрету. Қарапайым қағида– сіз азық-түлік және тағамдық емес қоқыстарды бөлесіз. Ең бастысы-қалдықтардың екі түрін араластырмаңыз. Бір пакет тез толтырылады. Ал екіншісі-тамақ қалдықтарымен баяу толтырылады. Оның бәрі не үшін? Бұдан әрі ТҚҚ шығарумен айналысатын компанияға олардың қызметтері үшін мен төлеуге тиісті емеспін, керісінше, олар маған бонустар есептелгені туралы хабарлама жіберу керек. Мен оларға бөлінген қалдықтар әкелгенім үшін шартты түрде-500 теңге төлейді, ал, олар осы қалдықтарды сатып, ақша жасайды. Бірақ мұның бәрі алғашқы қадамдар. Бірінші кезеңде біз халық үшін сараланған тариф ұсынамыз. Егер сіз «Үйдің екі пакетіне» келіссеңіз, біз сізге арзан тарифті ұсынамыз. Егер адам қоқысты екі пакетпен бөлуге келіспесе, онда біз ондай адамға экономикалық тұрғыдан қызмет көрсеткен шығындарды есептеп және ол тиісінше қымбат тариф бойынша төлейтін болады, — деді Аманжол Алпысбаев.

Facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында Аманжол Алпысбаев жеке қол жетімді эксперименталдық қоқыс алаңының фотосуреттерін жариялады. Өз қызметінде ол тұрғындар контейнерлерде емес, алаңның жанында қоқыс қалдыратынын және пайдаланушыларға өз пікірлері мен көзқарастарын қалдыруды ұсынады.

Контейнерлерге жеке қол жеткізу бойынша пилоттық жоба сәтсіздікке жақын. Не істеу керек?

Лұқпан Ахмедьяров

Ұқсас материалдар:

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

three × one =

x
2023-01-27
Утром-9.7 ℃
Днем-5.69 ℃
Вечером-6.83 ℃
Ночью-8.57 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.72 м/с
2023-01-28
Утром-10.11 ℃
Днем-6.27 ℃
Вечером-9.21 ℃
Ночью-11.42 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.19 м/с