Informburo.kz. шығарушы редакторы Дана Круглова Bek Air ұшағының апатында қаза тапты
Informburo.kz-ң журналисті және редакторы Дана Круглова Bek Air ұшағы Алматы облысы, Қызыл ту ауылы маңында апатқа түскенде қаза тапты

Бұл ұшақпен ұшу, үшпауы белгісіз болып еді, себебі Алматыда жұмыс кездесулері жоспарланған. Бірақ Дана жаңа жылды ата-анасымен Нұр-Сұлтанда қарсы алғысы келді және осы рейспен ұшуға шешім қабылдады.
«Дана Круглова нағыз журналист болды. Оның мақалалары резонанс тудырып, редакцияның барлық қызметкерлеріне үлгі болды. Қаңтар айында Дана шығарушы редактор болды, ал 1 желтоқсанда тергеу бөлімін басқарды. Дана адал, батыл және объективті болды. Бұл біз үшін орны толмас жоғалту», — деді Informburo.kz бас редакторы Михаил Дорофеев.
Дана Круглова 8 сәуір 1984 жылы дүниеге келді. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Informburo.kz 2016 жылы репортер лауазымында бастады. 2019 жылдың басында портал редакторы болды.
Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air ұшағы Алматы облысындағы Қызыл Ту ауылы маңында апатқа ұшырады. Бортта 100 адам болған, 12.30-да 12 адам қаза тапты.
«Орал апталығының» редакциясы туған-туыстарына , жақындарына, сондай-ақ әріптестеріне көңіл айтады.
Қайтыс болған тұлғаның туыстарына материалдық көмектесуге ниетті қазақстандықтардың көптеген сұрақтарына жауап ретінде Даны Жанатқұл Жалмағамбетованың анасының банк картасының нөмірін хабарлаймыз:
Halyk Bank– 4390 8782 6828 3016. ZHANATKUL ZHALMAGAMBETOVA.
Дану Круглова ата-анасы тұратын Нұр-Сұлтанда жерленеді. Алматы қаласы Әділет департаменті мәйітті тасымалдауға және жерлеуді ұйымдастыруға тегін көмек көрсетті.
