«Мен Аяз атаны көрген жоқпын»- жалғыз басты адамдар жаңа жылды қалай қарсы алады (БЕЙНЕ,ФОТО)

Олардың әрқайсысының отбасы, балалары, туыстары, қызықты жұмысы, көптеген достары болды. Кейбіреулері  жұбайсыз қалды, біреулерінің балалары өмірден ерте кетті, ал туысқандарының оларға баруға уақыты бола бермейді. Жаңа жыл қарсаңында біз уақыттың негізгі бөлігін жалғыздықпен өткізетіндермен сөйлесіп, олардың отбасы мерекесін тойлауға қалай дайындалатынын білуді шештік.

«Жалғызбастыларды» табуға әлеуметтік қызметкерлер көмектесті, Екатерина Фоменко, Светлана Романова және Ақсамал Жұмашева. Бұл әйелдердің қамқорлығында негізгінен-жалғыз қалған егде жастағы адамдар. Әлеуметтік қызметкерлер аптасына бірнеше рет шаруашылық бойынша көмектесуге, дүкенге немесе дәріханаға бару үшін зейнеткерлерге келеді, ең бастысы олар өз қамқорлығындағылармен тікелей қарым-қатынас жасайды.

Бізбен бірге Аяз атаның киімінде, қапшығына «Орал нан» атынан сыйлықтар салып алып жас адам жүрді.

Эмма Степановна-Кузнецова 79 жаста, оның жанында Екатерина Симкова әлеуметтік қызметкер

— Соңғы жылдары жаңа жылды мен жалғыз қарсылаймын, балаларым мен күйеуім болғанда жаңа жылды әрқашан бірге қарсылайтынбыз.Күйеуім қайтып, балаларым жан-жаққа кетті. Кейде маған біреу-міреу келеді, бірақ өте сирек. Жиі маған Катюша келеді (әлеуметтік.қызметкер) мен оны әрдайым күтемін, ол әрдайым келеді — — дейді әйел.

Аяз атаны Эмма Степановна он жыл бұрын соңғы рет теледидардан жаңа жылдық бағдарламасында көрген.

— Осылай мені ешкім ешқашан құттықтаған жоқ, мен қуаныштан жылап тұрмын, тіпті Аяз атаның киіміндегі жарқыраған жұлдызшаларды да көріп тұрмын, мұндай көптен болған жоқ, — деді Эмма Кузнецова.

Раиса Игнатьевна балалары да жан-жаққа кеткен, күйеуі жоқ. Мерекені ол былтырғыдай, бұрнағы жылғыдай жалғыз қарсы алады. Раиса Игнатьевна, келесі жылы 80-ге толады.

— Аяз атаны көрмедім, менің өмірімде осылай болды, оған уақытым болмады, зауыттарда жұмыс жасадым, біреуінде 10 жыл, екіншісінде де соншама.

Аяз ата бөлмеге кіргенде, Раиса Игнатьевна таң қалып,өз көзіне өзі сенбей, содан кейін күліп, қуана бастады.

— Ох, міне Аяз атаны қартайғанда көрдім, менің көңіл-күйім бірнеше күнге жақсы қуаттанып қалды, — деді Раиса Игнатьевна.

Василий Коротков,ер адам 58 жаста. Ол екінші топтағы мүгедек, бірнеше жыл бұрын ол инсульт алған, содан кейін аяқ-қолы шамалы жұмыс істейді.

— Жаңа жылда он жыл бойы мен жалғызбын. Баруға қайда барасың, аяғың жүрмейді, қол да дұрыс жұмыс істемейді, сөйлеуім шамалы – бұл инсульттің салдары болып табылады.Мен Аяз атаны көрген кезде бала едім, сол мектептің кеші есімде қалыпты. Мен жалғыз болсам да, ал жаңа жылға дайындаламын. «Оливье салатын жасаймын, күні бойы кесемін, қолдарым дұрыс жұмыс істемейді, бірақ мен кесемін…

Аяз атаны Елена Павловна Луцык тек теледидардан көреді. Ал оны көрген кезде, басын кеудеге қойып, босатқысы келмеді.

— Жібермеймін, ешқайда жібермеймін. Сіздер қалай бәрін жақсы ойластырғансыздар, — деді Елена Павловна.

Раиса Сергеевна Шарапова 90 жаста. Ол нашар естиді және оған қозғалу қиын.

— Қызым, сен қасыма отыр, қалің қалай, — деді Раиса Сергеевна. – Мен көптен бері жалғыз тұрамын, жаңа жылды да жалғыз қарсы аламын.

Раиса Сергеевна Аяз ата көріп,  сергіп кетті,  тіпті онымен билегісі келді.

Клавдия Болховитина жаңа жылды жалғыз қарсы алады, ал келесі күні оны күтіп отырған екі сіңлісіне барады, осылай көп жылдан бері қалыптасып қалған. Әйел күлімсіреп, олардың жастық шағында қалай демалғанын, жаңа жылды отбасымен және достарымен атап өткендерін есіне алды.

Раиса Маркелова қаңтар айында 90 жасқа толады. Оған құттықтау үшін туыстары келуі керек.

— Мүмкін, бұл менің соңғы жылым, Құдай өлшеп берген, мүмкін әлі де, өмір сүрермін, — деді Раиса Маркелова.

Дмитрий Ермолаевич Ежелев, қонақтардың, Аяз атаның келуіне орай, 92 жастағы ер адам өзінің мерекелік пиджагін киіп алды.

— Мен жаңа жылды тойламаймын, мен жападан жалғызбын, қазір маған дайындау қиын, немерем келмейтін болар, оның қолы тимейді.

— Мен өмір бойы ойнадым,қазір менің саусақтарымның жаны кетіп қалғандай. «Бірақ мен сіздерге көңілді бір нәрсе ойнайын, сіздер билеп беріңдер, мен босқа ойнамайын», — деді Дмитрий Ермолаевич күліп.

Біз Аяз атамен бірге керемет аккордтардың астында биге шықтық, қоштасу кешінен кейін мұңлы «Землянканы» ойнады, ол өзінің жастық шағын еске түсірді, жақсы көргенін, сүйгенін, жұмыс істегенін, ал өмір бір сәтте, көзді ашып-жұмғанша өте шықты.

Мария Драчева

Фото: Артем Букреевтікі

Бейне: Нұрлыбек Емранов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-17
Утром-17.67 ℃
Днем-17.29 ℃
Вечером-18.78 ℃
Ночью-20.82 ℃
Влажность67 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра7.08 м/с
2026-01-18
Утром-23.44 ℃
Днем-16.6 ℃
Вечером-21.42 ℃
Ночью-20.25 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра3.42 м/с