БҚО прокуроры 4 жылға бас бостандығынан айырылды
Қайрат Қайырмұхановты Бөрлі аудандық сотының үкімімен жалпы режимдегі колонияда 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Мұндай үкім прокурорға 1,5 млн. теңге көлемінде пара алғаны үшін шығарылды.
Прокуратура қызметкеріне қатысты үкім 22 қарашада жарияланды. Алайда, үкім 2019 жылдың соңында ғана заңды күшіне енді. Үкімді естуге Қайрат Қайырмұханов сот тарапынан айыптау үкімін күтпей өз автокөлігімен келді. Бұған дейін ол пәтерді кепілге қойып, бостандықта болған. Үкім жарияланғаннан кейін экс-прокурор сот залында қамауға алынды.
Прокурорға арызды Ақсай қаласы тұрғындарының бірі Азат Мұратов жазды. 2019 жылдың ақпан айында бір топ адамның денсаулығына ауыр зиян келтірген деген айыппен Азаттың досы, Дамира Бакеевке қарсы қылмыстық іс қозғалды.Қайрат Қайырмұханов іс материалдарын зерделеп, сотталушының кінәсін мойындаған жағдайда, сот бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындай алатын білдірген. Азат Мұратовқа прокуратура қызметкері бұл істі белгілі бір төлем үшін «шешу» мүмкіндігін айтқан. Тараптар тіпті біраз сауда жасап үлгерді – прокуратура қызметкері өзінің «еңбектері» үшін 2 млн теңге сұраған, алайда сотталушының туыстары 1,5 млн теңгеге дейін бағаны төмендетті. 2019 жылдың ақпан айында, істі сотқа бергенге дейін бір апта бұрын Қайрат Қайырмұханов Азат Мұратовтан ақша алды.
Алайда, Қайрат Қайырмұханов мәміленің өз бөлігін орындай алмады. Аудан прокуроры Нұрлан Мақатов іс материалдарын зерделеп, Дәурен Бакеевке оның кінәсін мойындау және жәбірленушіге келтірілген залалды өтеу үшін жазаны жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Істің мән-жайына сәйкес, Нұрлан Мақатов сотталушы Дамир Бакеев бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғанына назар аударды. Сондықтан да аудан прокуратурасы қылмыстық істі сотқа толық көлемде айыбын көрсетіп жіберді,сот Дамир Бакеевті алты жылға бас бостандығынан айырды. Осыған қарамастан, Қайрат Қайырмұханов сотталушының туыстарына 1,5 млн теңге қайтарудан бас тартты. Тергеу барысында бұл ақшаны Қайрат Қайырмұханов ешкімге бермесе, жеке мақсатта қолданғаны анықталды. Прокурордан ақша күтпестен Азат Мұратов Қайрат Қайырмұқановтың атына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроға арыз жазып, дәлел ретінде прокуратура қызметкерімен бірге моншаға барып,ақша бергендегі сөйлесудің аудиожазбасын қоса берді.
Сотта Қайрат Қайырмұқанов бастапқыда тергеу кезінде өзі мойындағанына қарамастан, сыбайлас жемқорлық мәмілеге қатыстылығын жоққа шығарды. Сот Қайрат Қайырмұқановты мемлекеттік органдарда жұмыс істеу мүмкіндігінен айырып, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жалпы режимдегі колонияда 4 жылға бас бостандығынан айырды. Талапкер Азат Мұратов Қайрат Қайырмұқановтан моральдық өтемақы ретінде 5 млн.теңге өндіріп алуға тырысты, алайда сот бұл талапты қанағаттандырудан бас тартты, тек 1,5 млн. теңге қайтарумен шектелді.
Айта кету керек, Азат Мұратов прокурорға өтініш жазған соң, полиция мен прокуратура қызметкерлері тарапынан қысым басталды. Бұл туралы ол өзінің бейне үндеуінде «БАСЕ» ақпараттық порталына айтты.
Бұл Азат Мұратов пен Қайрат Қайырмұханов арасындағы алғашқы қақтығыс емес. 2019 жылы қазан айында Азат Мұратов прокуратураның екі қызметкері Ерлан Бердіғалиев пен Қайрат Қайырмұқанов мас күйінде қоғамдық орында дәрет сындырып тұрған бейнелерін түсіреді. Оператор тарапынан ескертулерден кейін мемлекеттік қызметкерлер оның атына былапыт сөздер айтып, оған жұдырық ала жөнеледі. Осы жанжалды бейне фактісі бойынша тергеу нәтижелері бойынша Қайрат Қайырмұханов қызметінен босатылды, ал Ерлан Бердіғалиев Бөкей Орда ауданына жұмысқа ауыстырылды. Ол кезде Азат Мұратов бұл бейнені «Орал апталығының» тілшілеріне жолдап, прокурорларды әшкерелейтін басқа да бейне жіберуге уәде беріп, артынан уәдесін орындамады.
Алексей Воробьев