Православ христиандары мен ескі дәстүрді ұстаушылар 7 қаңтарда Рождество Христовоны атап өтті. Біз Оралдағы ескі дәстүрдің мерекелік қызметіне бардық (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Олар қатыгездікпен қудалауды және бас ауған жаққа қашуды, ыдырауды бастан кешіріп, посткеңестік кеңістікте екі миллионнан астам адам қалды. Олар православиелік, болғанменен ескі дәстүрді ұстанады. 17 ғасырда Патриарх Никонның реформасын қабылдамағандар үш жүз жылдан астам қуғынға ұшырады.

Оралда ескі дәстүрді ұстанушылар 50-ге жуық адам. Олар құдайға құлшылық етуді Орал қаласындағы Орыс Православиелік ескі дәстүр ұстаушыларының қазақстандық епархиясының кафедралды соборы — Әулие Құдай-ана Покров храмында жүргізеді.

Ғибадатханадағы қызметті жеті жыл бұрын Орынбордан отбасымен бірге келген Константин әке өткізеді. Ол он жетінші жылғы революциядан кейін құдайға ресми құлшылық жасайтын бірінші дін қызметкері.Константин әке және оның әйелі-Ольга ананың төрт қызы және бір ұлы бар: Устинья, Иван, Анна,Мария және Пелагея.

Рождестволық қызмет таңғы сегізде басталып, төрт сағатқа созылды. Храм өте нашар жарықтандырылған-тек май шамның жарығы. Электр жарығы тек қатысушыларға қосылады. Осы қара күңгірттегі жағдай ежелгі сезім тудырып, қатаңдық пен салтанаттылықтың құпиялы әлеміне түскендей боласың.

Қызмет кезінде ерлер мен әйелдер бөлек тұрады. Ерлер оң жақта, әйелдер сол жақта.

Ескі дәстүрді тек сыртқы белгілері бойынша ғана емес, сонымен қатар екі стиль бойынша да анықтауға болады. Ескі дәстүр ұстанушылар екі саусақпен, ал басқа православиеліктер үш саусақпен шоқынады.
Храмдағы әйелдердің бәрі ашық орамал тартқан.
— Бұл сәнді орамалдар мерекелерге арналған.Ескі дәстүрді ұстаушылар құдайға құлшылық еткенде, киімде де ескі дәстүрді ұстанады. Әйелдерде-сарафан мен екі орамал, сыртқы және ішкі, басқа уақытта басын жабады және шалбар мен қысқа юбка кимейді, — дейді Ольга ана.

Храмда ерлерден, әйелдер мен балалар көп. Ересектері кішкентай балалармен ойнауда, барлығы өте мейірімді және ақжарқын.

Маған 10 жастағы қыз жақындап, әңгімелесе бастады.
– Менің атым Устинья, әкем осында қызмет атқарады, ал бұл менің сіңлім Пелагей, деп — жақын маңдағы жүгіріп жүрген сәбиді көрсетеді, содан кейін қыздың қолынан ұстап сүйіп тұрып, сіңлісін өте жақсы көретінін айтады. – Ал анау інім Ваня, ол әкесіне қызмет етуге көмектеседі, – деп жалғастырды Устинья, ал ана әдемі көйлектегі қыз – менің сіңлім Аня.

Менімен бірге тұрған ескі дәстүрді ұстанушы әйел- Надежда Георгиевна, сөйлеуге болатын уақытта қызмет кезінде не болатынын сыбырлап айтты. Және келетіндер қазір азайып кетті деді.

— Бұл көптеген адамдардың қайтыс болуына, ал кіші ұрпақтың жан-жаққа кетуіне байланысты. «Бізде бір көпбалалы отбасы бар, бірақ олар балалары ауырып келе алмады», — дейді Надежда Георгиевна.


Константин әке қызметінен кейін және Ольга ана келушілерді балаларымен бірге бір аптадан кейін Рождестволық шыршаға келуге шақырды. Барлығы бір-бірін мерекемен құттықтады. Содан кейін арнайы бөлмеде өтетін мерекелік түскі ас басталды. Ескі дәстүр қоғамының төрайымы – Галина Георгиевна Водолазова келушілерге сыйлықтар сыйлады.
Мария Драчева
Фото: Артем Букреев