«Орал Таза Сервиске» тұтынушыларға қосымша адам тіркегені үшін айыппұл салды
Қоқыс шығарумен айналысатын «Орал Таза Сервис» ЖШС коммуналдық компаниясына шамамен 80 мың теңге айыппұл салынды. Орал қаласының тұрғыны, құқыққорғаушы Павел Кочетков қоқыс үшін келетін түбіртекке наразы болды, онда оның пәтерінде 4 адам тұрады деп жазылғасын, полицияға арыз жазған. Нәтижесінде іс сотқа жетті.

Бұл туралы өзінің әлеуметтік бетінде оралдық блогер және белсенді Аскар Шайгумаров жазды. Оның айтуынша, 2019 жылдың мамыр айында «Орал Таза Сервис» қоқыс шығарғаны үшін төлем қағазын 4 адамның есебіне жіберген, Павел Кочетковтың пәтерінде бар болғаны екі адам тұрады. Ол кезде наразы Орал қаласының тұрғыны компанияға жазбаша шағымдануды шешті, алайда ешқандай жауап алған жоқ. Одан кейін ол полицияға ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабы «Тұтынушыларды алдау» бойынша компанияға қатысты әкімшілік іс жүргізуді қозғауды талап еткен.
Полиция департаментімен тексеру нәтижесінде «Орал Таза Сервис» ЖШС-не әкімшілік хаттама жасалып, 30 АЕК (79 530 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
— Компанияға айыппұл салғаннан кейін, маған бірден барлық қызметтерге қайта есептеу жасады, және «Орал Таза Сервис» тарапынан ешқандай шағым болған жоқ, — деді Павел Кочетков.
Ал, «Орал Таза Сервис» ЖШС деп түсініктемені басшылық болғанда ғана бере аламыз деді .
— Біз БАҚ-пен жұмыс істеуге жауапты адам қайтып оралғанда қайта қоңырау шаламыз, — деді компанияның заңгері Ақылжан Бауыржанұлы.
Бірақ кері қоңырау әлі түскен жоқ, ал компанияның абоненттік бөлімінің телефон желісі үнемі бос болмады.
Facebook-гі өз жарияланымда Аскар Шайғұмаров Орал тұрғындарына осындай мәселе кезіксе, құқық қорғаушы сияқты қимылдауға шақырды.
«Жалпы алғанда, дәл осындай мәселе бар Орал тұрғындары полицияға арыз жазып, содан кейін полиция «Орал Таза Сервис» ЖШС-не әкімшілік айыппұл салған кезде кері тәртіппен бірден өзінің тұтынушылық құқықтарын бұзғаны үшін моральдық талап арыз беру құқығына ие бола алады» — деп жазды ол.
Алексей Воробьев
