Орал белсендісі: «Қиналып жүрген халықты, билік отыр бақылып» (БЕЙНЕ)
Орал қаласының 38 жастағы тұрғыны Эрик Жұмабаев белсенділерді қудалауды тоқтатуды талап етіп, акция өткізді.

«Мен ресми БАҚ айтып отырған елде өмір сүргім келеді, бірақ Қазақстан мұндай емес. Конституция мұнда ештеңе білдірмейді. Мен біздің халқымыз үнсіздіктен оянады, деп сенемін. Біз бәрін отыз жыл бойы асүйде талқыладық, ал алаң – бұл жалғыз жол. Біз өзіміздің құқықтарымызды сақтауды талап етуге тиіспіз, ал шенеуніктер халық қызметшісі екенін түсінуі керек», — дейді белсенді.
Эрик Жұмабаев акцияларды өткізу үшін рұқсат етілген орындардың бірінде-Мәншүк Мәметова атындағы алаңында жеке пикет өткізді.Ер адам «Орал апталығына», биліктің азаматтарды бей-жайсыз қудалайтынымен келіспейтіндігін айтты.
«Мен алаңға өзім үшін шықпаймын. Мен барлық қазақстандықтар үшін шығамын, бұл менің Отаныма борышым деп есептеймін,ал белсенділер бір әкімшілік баптар бойынша қудаланады, сыртқы бақылау жүргізеді – бұл Конституцияны бұзу, шенеуніктер оны онсыз да сақтамайды. Бұл шектен шығу мен заңсыздық», – деді ер адам.
Белсенді бірнеше рет наразылық акциясына шықты. Оның пікірінше, жалғыз пикеттер митингіден кем емес және адамдарға үнсіздікті тоқтату уақытын көрсетеді. Эрик Жұмабаев 2020 жыл Қазақстан үшін өзгерістер жылы болады деп үміттенеді.
Нана Иксанова